О внесении дополнений в решение Капшагайского городского маслихата от 26 февраля 2014 года № 29-128 "Об утверждении Регламента Капшагайского городского маслихата"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Капшагайского городского маслихата от 26 февраля 2014 года № 29-128 "Об утверждении Регламента Капшагайского городского маслихата"
- Атауы (қаз.)
- Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпандағы "Қапшағай қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-128 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34-152
- Қабылданған күні
- 28.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2016 80945_Some(97945).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DB002759
- ЭКБ идентификаторы
- 80945
- Редакция идентификаторы
- 80945_Some(97945)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:34
0 Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпандағы "Қапшағай қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-128 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпандағы "Қапшағай қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-128 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 20 наурызда № 2634 тіркелген, 2014 жылы 29 наурызда қалалық "Нұрлы өлке" газетінің № 13(266) жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".