Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 297 "Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности при геологоразведке, добыче и переработке урана"

Бұйрық · № 635 · қабылданған 29.08.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2014-no-297/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 297 "Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности при геологоразведке, добыче и переработке урана" Қолданыста Бұйрық ·№ 635 ·29.08.2016
29.08.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 297 "Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности при геологоразведке, добыче и переработке урана"

Қолданыста Бұйрық ·№ 635 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 297 "Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности при геологоразведке, добыче и переработке урана"
Атауы (қаз.)
"Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 297 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
635
Қабылданған күні
29.08.2016
Көрсетілген редакция
29.08.2016 108525_132861.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014578
ЭКБ идентификаторы
108525
Редакция идентификаторы
108525_132861
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:55

0 «Уранды геологиялық барлау,

өндіру және қайта өңдеу кезінде
өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы
26 желтоқсандағы № 297 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10187 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) атом энергиясы пайдаланылатын объектілер – иондандырушы сәулелену көздері, радиоактивті қалдықтар және пайдаланылып болған ядролық отын, ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылар, сақтау және көму пункттері, көліктік қаптама комплектілері мен ядролық материалдар;»;
107, 121-тармақтар алынып тасталсын;
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Бұрғылау қондырғылары еңкіш беттерде орналасуы кезінде, оның етегінен жотаға дейінгі ара қашықтық 3 метрден кем болмауы тиіс, бұл ретте бұрғылау қондырғысы опырылу аумағынан сырт орналастырылуы қажет.»;
124, 158, 159, 201, 208, 245, 246, 247, 250, 252, 256, 257, 260, 261, 262, 263, 282, 285, 286, 327 және 330-тармақтар алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтын 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Экономика министрі
__________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «____»_______________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «____»_______________

Қолданыстағы