Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 3-2/615 «Об утверждении Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки»

Бұйрық · № 339 · қабылданған 22.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2014-no-3-2615-ekb-160543/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 3-2/615 «Об утверждении Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки» Қолданыста Бұйрық ·№ 339 ·22.11.2021
22.11.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 3-2/615 «Об утверждении Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки»

Қолданыста Бұйрық ·№ 339 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 3-2/615 «Об утверждении Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки»
Атауы (қаз.)
«Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
339
Қабылданған күні
22.11.2021
Көрсетілген редакция
22.11.2021 I160543_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025313
ЭКБ идентификаторы
160543
Редакция идентификаторы
I160543_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:43

0 «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңделген өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін, сондай-ақ «Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) өңдеуші кәсіпорындардың «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім беруі.
Субсидия беру процесінің, нысанының, мазмұнының және нәтижесінің сипаттамасынан тұратын субсидияларды алуға қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ субсидия берудің ерекшелігі ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
2) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;
3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанының расталуы (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы).
Өңдеуші кәсіпорын бидайды ЭШФ АЖ қолданбайтын сатушыдан сатып алған кезде Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын елдерден ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациямен расталады.
Өңдеуші кәсіпорын бидайды ЭШФ АЖ қолданбайтын сатушыдан сатып алған кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығындар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық органы белгі қойған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен), ауыл шаруашылығы өнімі еркін кедендік аймақтың немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған кезде кедендік декларацияның Қазақстан Республикасының кедендік органы куәландырылған көшірмесімен расталады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Өтінімдерді қабылдау өңдеуші кәсіпорынның тіркелген орны бойынша тиісті жылдың 1 сәуірінен 10 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес өтінім қабылданғанын растағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.
Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінімдер резервке (күту парағына) түседі.
Резервке (күту парағына) түскен өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде не келесі қаржы жылындарында жүзеге асырылады.
Субсидиялар нормативтері және субсидияларды есептеу тәртібі өзгерген жағдайда, резервке (күту парағына) енгізілген өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінім берген сәтте қолданыста болған субсидиялар нормативтеріне және субсидияларды есептеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінімді резервке қосу туралы ақпарат (күту парағы) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетіледі. Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қосылмайды.
Өтінім берілген субсидия көлемдері тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомадан асқан жағдайда, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді.»;
24, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
25. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
26. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрықтың 1-тармағының он төртінші және он бесінші абзацтары 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 339 бұйрығына
1-қосымша
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім
_____________________________________ жергілікті атқарушы органына
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)
(кімнен)_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт (майы алынбаған, майы
алынған), биоэтанол, бидайдың құрғақ дән маңызын (бидай глютенін)* өндіру
үшін _____ килограмм көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға
_______________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.
(сома цифрмен және жазбаша)

1 1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

Заңды тұлға үшін:
атауы _______________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________________
мекенжайы:__________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)______________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _______________________________________________________
кім берді_____________________________________________________
берілген күні _________________________________________________
мекенжайы:___________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _________________________________________
Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _______________________________________________
хабарламаның берілген күні _____________________________________

2 2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:

ЖСН/БСН ____________________________________________________
бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ____________________________
банктің немесе почта операторының деректемелері: ___________________
банктің немесе почта операторының aтауы: ______________________
банктік сәйкестендіру коды ____________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________________________
БСН ______________________________________________________
Кбе ______________________________________________________

3.1 3.1. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер**:


Шот-фак­ту­ра нө­мі­рі
Шот-фак­ту­ра­ның бе­рі­л­ген кү­ні
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің ата­уы
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің кө­ле­мі, ки­ло­грамм
Ба­ға­сы, ки­ло­гра­мы­на тең­ге, қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын есеп­ке ал­ма­ған­да
Құ­ны, тең­ге
Са­ту­шы­ның ЖСН-сы/БСН-сы және ата­уы
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны (нақ­ты са­тып алу ба­ға­сы көр­се­ті­ле­ді)

3.2 3.2. Тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтер (бидайды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден сатып алу кезінде, сондай-ақ бидайды еркін кедендік аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде):


Де­кла­ра­ция нө­мі­рі
Бе­рі­л­ген кү­ні
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің ата­уы
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің кө­ле­мі, ки­ло­грамм
Ба­ға­сы, ки­ло­гра­мы­на тең­ге, қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын есеп­ке ал­ма­ған­да
Құ­ны, тең­ге
Са­ту­шы­ның ата­уы
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны (нақ­ты са­тып алу ба­ға­сы көр­се­ті­ле­ді)

3.3 3.3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен алынған мәліметтер (бидайды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден сатып алу кезінде):

Р/с №
Та­у­ар­дың ата­уы
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды
Та­у­ар­дың өл­шем бір­лі­гі
Та­у­ар мөл­ше­рі
Та­у­ар құ­ны
Ва­лю­та
Кө­лік­тік (та­у­ар­ға іле­с­пе) құ­жат
Шот-фак­ту­ра
Та­у­ар есеп­ке қа­был­дан­ған күн
Ко­ды
Ба­ға­мы
Се­ри­я­сы, нө­мі­рі
Кү­ні
Нө­мі­рі
Кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Жиы­ны (нақ­ты са­тып алу ба­ға­сы көр­се­ті­ле­ді)

4.1 4.1. Тиесілі субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):

Те­рең­де­те өң­дел­ген өнім­нің ата­уы
Өн­ді­рі­л­ген өнім­нің кө­ле­мі, ки­ло­грамм
Түп­кі­лік­ті өнім­ді ба­стап­қы өнім­ге қай­та есеп­теу ко­эф­фи­ци­ен­ті
Түп­кі­лік­ті өнім­ді ба­стап­қы өнім­ге қай­та есеп­теу нәти­же­сі
Шот-фак­ту­ра­дан алын­ған де­ректер бой­ын­ша нақ­ты са­тып алын­ған ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің жал­пы кө­ле­мі, ки­ло­грамм
Суб­си­дия нор­ма­ти­ві, тең­ге/ ки­ло­грамм
Тө­мен­де­ті­л­ген суб­си­дия нор­ма­ти­ві, тең­ге/ ки­ло­грамм (бар бол­са)
Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге

4.2 4.2. Бидайды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден сатып алу кезінде тиесілі субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):

Те­рең­де­те өң­дел­ген өнім­нің ата­уы
Өн­ді­рі­л­ген өнім­нің кө­ле­мі, ки­ло­грамм
Түп­кі­лік­ті өнім­ді ба­стап­қы өнім­ге қай­та есеп­теу ко­эф­фи­ци­ен­ті
Түп­кі­лік­ті өнім­ді ба­стап­қы өнім­ге қай­та есеп­теу нәти­же­сі
Ке­ден­дік де­кла­ра­ци­ядан, та­у­ар­лар­ды әке­лу және жа­на­ма са­лық­тар­ды тө­леу ту­ра­лы өті­ніш­тен алын­ған де­ректер бой­ын­ша нақ­ты са­тып алын­ған ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің жал­пы кө­ле­мі, ки­ло­грамм
Суб­си­дия нор­ма­ти­ві, тең­ге/ ки­ло­грамм
Тө­мен­де­ті­л­ген суб­си­дия нор­ма­ти­ві, тең­ге/ ки­ло­грамм (бар бол­са)
Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге
Ескертпе:
* бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңделген өнімдердің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке-жеке беріледі;
** әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке-жеке толтырылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Өтінім беруші 20__ жылғы «___»______ сағат _______ қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

2 «Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 339 бұйрығына
2-қосымша
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
«Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері (қол жеткізу арналары)
Жеке және заңды тұлғалардан (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
2 (екі) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (толықтай автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы www.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы Жеке кабинеті, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Қолданыстағы