О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 февраля 2014 года № 77 «Об утверждении знаков различия органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 февраля 2014 года № 77 «Об утверждении знаков различия органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 900
- Қабылданған күні
- 18.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2023 186280_656660.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23B0000900
- ЭКБ идентификаторы
- 186280
- Редакция идентификаторы
- 186280_656660
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:46
0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9295 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бүкіл мәтін бойынша «кеуде белгісін» «кеуде белгісі», «кеуде белгі», «кеуде белгісінен» деген сөздер тиісінше «төсбелгісін», «төсбелгісі», «төсбелгі», «төсбелгіден» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің шевронын, дербестендірілген белгісі мен төсбелгісін жасауды және бағынысты мекемелер мен бөлімшелерді олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери полиция органы әскери қызметшілерінің шевроны, дербестендірілген белгісі мен төсбелгісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының айырым белгісі болып табылады.»;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі»;
3-тараудың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі (бұдан әрі – төсбелгі) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының ерекшелік төсбелгісі болып табылады.»;
3-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (2023 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;