О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 26 августа 2014 года № А-8/394 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление архитектуры и градостроительства Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 26 августа 2014 года № А-8/394 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление архитектуры и градостроительства Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № А-8/394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-12/571
- Қабылданған күні
- 14.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2016 98279_169610.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15B0005224
- ЭКБ идентификаторы
- 98279
- Редакция идентификаторы
- 98279_169610
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:04
0 «Ақмола облысының сәулет
және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің ережесін
бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 26 тамыздағы № А-8/394
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № А-8/394 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 4375 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 13 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Функциялары:
облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын бекітуге Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну үшін әзірлеуді ұйымдастыру;
ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну үшін материалдарды даярлау;
халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
Астана қаласының оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгiндегi бас жоспарларының жобаларына келiсiм беру;
аудандар аумақтарының (аудандық жоспарлаудың жобасын) қала құрылысын, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ облыс елді мекендерінің кенттері мен селоларының бас жоспарларын, қала аумақтарының, елді мекендердің кенттері мен селоларының бөлшекті жоспарлау жобаларын дамытудың жобаларын қарау және келісім беру;
сәулет және қала құрылысы саласында мәселелерін реттейтін құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНжЕ) және мемлекеттік стандарттарды (МС) жетілдіру бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар даярлау;
жергілікті атқару органына елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу және түзету бойынша ұсыныстар даярлау;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
«Мекен-жайлық тіркелім» ақпараттық жүйесін жүргізу және толтыру бойынша мониторингі;
«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мемлекеттік қызметтердің регламенттерін әзірлеу;
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру;
облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесін ұстауға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.».
2 2. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістің қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
3 3. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі енгізілген өзгеріс туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша және мерзім ішінде әділет органдарын хабарландыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары В.Н. Балахонцевке жүктелсін.
5 5. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Ақмола облысы әкімінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ А-12/571 қаулысымен бекітілді
«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне енгізілген өзгерістің мәтіні