Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 943 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности, связанной с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров»

Бұйрық · № 1113 · қабылданған 30.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2014-no-943-ekb-109398/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 943 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности, связанной с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров» Қолданыста Бұйрық ·№ 1113 ·30.11.2016
30.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 943 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности, связанной с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1113 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 943 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности, связанной с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров»
Атауы (қаз.)
«Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1113
Қабылданған күні
30.11.2016
Көрсетілген редакция
30.11.2016 109398_151800.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014739
ЭКБ идентификаторы
109398
Редакция идентификаторы
109398_151800
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:06

0

«Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10293 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 3, 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3
Пре­кур­сор­лар­ды әзір­леу, өн­ді­ру, қай­та өң­деу, та­сы­мал­дау, жө­нел­ту, са­тып алу, сақ­тау, са­ту, бө­лу, пай­да­ла­ну, жою үшін өн­ді­рі­стік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­тін мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге де заң­ды негіз­де­гі өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за
Пре­кур­сор­лар­дың ай­на­лы­мы­на бай­ла­ны­сты қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы  ор­ган­да­ры­ның қо­ры­тындысы
«Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 25-ба­бын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ала­ды
4
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 6-ба­бы­на сәй­кес есірт­кі құ­рал­да­ры­ның, пси­хо­троп­тық заттар­дың, пре­кур­сор­ла­ры­ның ай­на­лы­мы са­ла­сын­да­ғы объ­ек­ті­лер мен үй-жай­лар­дың тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін есірт­кі құ­рал­да­рын және (неме­се) пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар­ды сақ­тау үшін та­ғай­ын­дал­ған мен­шік құқы­ғын­да неме­се өзге де заң­ды негіз­дер­де ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­лар
Заң­ды тұл­ға­ның қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ор­ны бой­ын­ша есiрт­кi құ­рал­да­ры, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар ай­на­лы­мы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның аумақ­тық бө­лі­ні­сі­нің ке­лі­сім-ха­ты
Тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі заң­ды тұл­ға­ның қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ор­ны бой­ын­ша есiрт­кi құ­рал­да­ры, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар ай­на­лы­мы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның аумақ­тық бө­лі­ні­сі­нің ке­лі­сім-ха­ты­мен рас­та­ла­ды
»;
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:«
6
Есірт­кі құ­рал­да­рын, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­ла­рын сақ­тау үшін ар­нал­ған үй-жай­ды кү­зе­ту
Мен­шік ны­са­ны­на қа­ра­ма­стан Қа­ру­лы Кү­ш­тер, бас­қа әс­кер­лер мен әс­ке­ри құ­ра­лым­дар кү­зе­те­тін объ­ек­ті­лер­ді қо­с­па­ған­да, же­ке кү­зет ұй­ым­да­ры­ның есірт­кі құ­рал­да­рын, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­ла­рын сақ­тау үшін үй-жай­ды кү­зе­ту ке­лі­сім­шар­ты
Құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі тү­рін­де ұсы­ны­ла­ды
»;
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
12
Есірт­кі құ­рал­да­рын, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар­ды өн­ді­ру­мен, та­сы­мал­да­у­мен, са­тып алу­мен, сақ­та­у­мен, бө­лу­мен, са­ту­мен, пай­да­ла­ну­мен, жою­мен бай­ла­ны­сты ден­са­улық сақ­тау жүй­е­сін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де
Осы бі­лік­ті­лік та­лап­тар­дың 1, 2, 3, 4, 5, 6-тар­мақ­та­ры және есірт­кі құ­рал­да­ры­ның, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар­дың ай­на­лы­мы­на бай­ла­ны­сты қыз­мет үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі бой­ын­ша құ­жат­тар ұсы­ны­ла­ды
«Ха­лық ден­са­улы­ғы және ден­са­улық сақ­тау жүй­е­сі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ко­дек­сі­нің 9-ба­бы 2-тар­ма­ғы­ның 11) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес
»;
реттік нөмірі 13-жол алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті (С.Т. Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түрде жолдау;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2016 жылғы «___» __________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы «___» __________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы «___» __________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___» __________

Қолданыстағы