О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 945 «Об утверждении Правил организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, государственных органов при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 945 «Об утверждении Правил организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, государственных органов при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 115
- Қабылданған күні
- 25.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2020 150806_504239.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021953
- ЭКБ идентификаторы
- 150806
- Редакция идентификаторы
- 150806_504239
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:32
0 «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10151 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері немесе туындауы туралы, оның ішінде қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қолданылуы туралы ақпаратты қадағалау, ахуалды бақылау және болжау қызметтері, оның ішінде сейсмологиялық қызмет, селдік құлақтандыру, радиациялық ахуалды бақылау жүйелері және меншік нысанына қарамастан өзге де құзыретті ұйымдар қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына (бұдан әрі - ДЖБО) береді. ДЖБО осындай ақпаратты алуы халықты және мемлекеттік органдарды құлақтандыруды ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2 2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.