О внесении изменений в постановление Индерского районного акимата от 26 марта 2014 года №115 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Индерского районного акимата от 26 марта 2014 года №115 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №115 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 91
- Қабылданған күні
- 06.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2015 88641_97077.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TF003156
- ЭКБ идентификаторы
- 88641
- Редакция идентификаторы
- 88641_97077
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:36
0 Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы
26 наурыздағы №115 «Коммуналдық
меншікке келіп түскен қараусыз
қалған жануарларды пайдалану
Қағидасын бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №115 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2884 тіркелген, 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Дендер» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1)атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы»;
2 2) 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы бекітілсін»;
3 3) қосымшасында:
атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы»;
4 4) Қағиданың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды».