О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 26 декабря 2014 года №363-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Курмангазинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 26 декабря 2014 года №363-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Курмангазинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №363-V «Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 374-V
- Қабылданған күні
- 03.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2015 86704_69089.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TH003101
- ЭКБ идентификаторы
- 86704
- Редакция идентификаторы
- 86704_69089
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:48
0 Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы
26 желтоқсандағы №363-V «Құрманғазы
ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1 бабының 1 тармағына сәйкес және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №363-V «Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3084 санымен тіркелген, аудандық «Серпер» үнжариясында 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) 1 тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;»;
2 2) 1 тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
3 3) 5 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».