О внесении изменения в постановление акима Сайрамского района от 26 марта 2015 года № 1 и в решение Сайрамского районного маслихата от 26 марта 2015 года № 42-281/V «Об изменений границ населенных пунктов Сайрамского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акима Сайрамского района от 26 марта 2015 года № 1 и в решение Сайрамского районного маслихата от 26 марта 2015 года № 42-281/V «Об изменений границ населенных пунктов Сайрамского района»
- Атауы (қаз.)
- Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 1 және Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 42-281/V «Сайрам ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30-205/VI
- Қабылданған күні
- 04.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2018 123814_341206.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18UJ004695
- ЭКБ идентификаторы
- 123814
- Редакция идентификаторы
- 123814_341206
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:48
0 Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
26 наурыздағы № 1 және Сайрам аудандық
мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 42-281/V «Сайрам ауданы бойынша елді
мекендердің шегін өзгерту туралы» бірлескен
қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жер қатынастары бөлімі және сәулет қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №1 және Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы №42-281/V «Сайрам ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3173 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы «Мәртөбе» газетінде және 2015 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 2. 1 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қарабұлақ ауылының шегінен 724,34 гектар суармалы егістік жер учаскесі шығарылып, Қарабұлақ ауыл округінің аумағындағы 724,34 гектар суарылмайтын егістік жер учаскесі Қарабұлақ ауылының шегіне қосылып шегі өзгертілсін;».
3 3. 1 тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Көлкент ауылдық округі Қосбұлақ ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 111,28 гектар, М.Оразалиев ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 24,6 гектар жер учаскесі қосылып, Қосбұлақ, М.Оразалиев ауылдарының шегі өзгертілсін;».
4 4. «Сайрам аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бірлескен қаулы мен мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;