О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 1069 «Об утверждении Положения о деятельности инвестиционного омбудсмена»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 1069 «Об утверждении Положения о деятельности инвестиционного омбудсмена»
- Атауы (қаз.)
- «Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 833
- Қабылданған күні
- 08.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2020 149639_498811.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000833
- ЭКБ идентификаторы
- 149639
- Редакция идентификаторы
- 149639_498811
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:17
0 «Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1069 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 72-73-74, 593-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережеде:
9-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) инвесторлардың мәселелерін реттеу үшін мемлекеттік органдармен және ұйымдармен мәжілістер, консультациялар, хаттамалық кездесулер өткізеді, инвесторлардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларын немесе олардың орынбасарларын тыңдайды.
Талап арыздарды сот органдарына жолдағанға дейін мемлекеттік органдар инвестициялық омбудсменнің жұмыс органын сот талқылауына бастама жасалғаны туралы хабардар етеді;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әрекеті (әрекетсіздігі) инвестордың құқығы мен заңды мүдделерін бұзған тиісті мемлекеттік органға және/немесе лауазымды тұлғаға инвесторлардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған ұсынымдарды жолдайды.
Ұсынымдарды алған мемлекеттік орган және/немесе лауазымды тұлға инвестициялық омбудсменге оларды заңнамада белгіленген тәртіппен қарау нәтижелері туралы жазбаша жауап береді.
Инвестициялық омбудсменнің ұсынымдары инвестициялық омбудсменде өткен мәжілістер хаттамалары немесе хаттар түрінде ресімделеді.
Инвестициялық омбудсменнің ұсыныстарын орындау мемлекеттік органның іс-шаралар жоспарын бекітуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Инвестициялық омбудсменнің ұсынымдарымен келіспеген жағдайда лауазымды тұлға өз шешімін мәні бойынша жазбаша түрде уәждейді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14.) Инвестициялық омбудсменнің инвесторлардың проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі хаттамалық кеңестері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Бұл ретте мәжіліске мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері шақырылады.».