О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 26 октября 2015 года № 107-1900 «Об утверждении Регламента государственной услуги, оказываемых местными исполнительными органами в сфере дошкольного воспитания и обучения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 26 октября 2015 года № 107-1900 «Об утверждении Регламента государственной услуги, оказываемых местными исполнительными органами в сфере дошкольного воспитания и обучения»
- Атауы (қаз.)
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 107-1900 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107-239
- Қабылданған күні
- 08.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2020 119040_486520.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ABW01161
- ЭКБ идентификаторы
- 119040
- Редакция идентификаторы
- 119040_486520
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:53
0 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
саласында жергілікті атқарушы
органдар көрсететін мемлекеттік қызмет
регламентін бекіту туралы» Астана қаласы
әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы
№ 107-1900 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 107-1900 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 971 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 желтоқсанда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) жоғарыда көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы орган көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы»;
2 2) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15966 болып тіркелген) негізінде көрсетіледі.»;
«4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда), орын болған жағдайда – мектепке дейінгі ұйымға жолдама беру (ерікті нысанда) немесе Стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кезектілікті басқарудың арнайы ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді және электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.
Портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электронды құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.».
2 2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;