О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 26 января 2015 года № А-1/30 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 26 января 2015 года № А-1/30 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/161
- Қабылданған күні
- 12.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2016 102444_273291.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16B0005347
- ЭКБ идентификаторы
- 102444
- Редакция идентификаторы
- 102444_273291
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:38
0 «Ақмола облысының мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы»
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ А-1/30 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4631 болып тіркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде 2015 жылғы 12 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармағының 7), 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«7) тексерістерді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыру;»;
«9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;».
2. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістердің қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
3. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары В.Н. Балахонцевқа жүктелсін.
5. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 12 сәуірдегі
№ А-5/161
қаулысымен бекітілген
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістердің мәтіні
15-тармағының 7), 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«7) тексерістерді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыру;»;
«9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;».