О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 26 марта 2015 года № 131 «О некоторых вопросах структуры местного государственного управления района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 26 марта 2015 года № 131 «О некоторых вопросах структуры местного государственного управления района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 346
- Қабылданған күні
- 18.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2018 93498_316673.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SE003372
- ЭКБ идентификаторы
- 93498
- Редакция идентификаторы
- 93498_316673
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:40
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 3204 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2015 жылғы 26 сәуірдегі «Есіл Өңірі» аудандық газетінде, 2015 жылғы 26 сәуірдегі «Новости Приишимья» аудандық газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«9) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;»;
16-тармақтың 10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«10) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;».