О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 141 «Об утверждении обязательных требований к электронной торговой системе товарных бирж»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 141 «Об утверждении обязательных требований к электронной торговой системе товарных бирж»
- Атауы (қаз.)
- «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 148-НҚ
- Қабылданған күні
- 15.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2020 144841_472327.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020977
- ЭКБ идентификаторы
- 144841
- Редакция идентификаторы
- 144841_472327
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:31
0 «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарда:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) монополияға қарсы органды нақты уақыт режимінде тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қашықтан кіру арқылы қамтамасыз етуі тиіс.»;
14-тармақтың 4) және 5) тармақшақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қашықтан қол жеткізу режимінде жұмыс істеген кезде биржа сауда-саттыққа қашықтағы қатысушыларды және монополияға қарсы органның лауазымды адамдарын қосу үшін порттардың қажетті санын қамтамасыз етеді;
5) тауар биржасының уәкілетті органы (Директорлар кеңесі немесе Басқармасы) тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қосылған және онда сауда-саттыққа қатысушылар мен монополияға қарсы органның лауазымды адамдары қашықтықтан қол жеткізу режимінде жұмыс істеген кезде шарттарды, талаптар мен техникалық сипаттамаларды айқындайтын нормативтік құжатты бекітеді;».
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі