О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 141 «Об утверждении обязательных требований к электронной торговой системе товарных бирж»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 141 «Об утверждении обязательных требований к электронной торговой системе товарных бирж»
- Атауы (қаз.)
- «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 728
- Қабылданған күні
- 25.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2015 96681_Some(97447).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012501
- ЭКБ идентификаторы
- 96681
- Редакция идентификаторы
- 96681_Some(97447)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:26
0 «Тауар биржаларының электрондық
сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi
талаптарын бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы № 141
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрығымен бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарында:
4 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауар биржаның электрондық сауда жүйесi (бұдан әрі – ТБЭСЖ) – электрондық биржалық сауда-саттықты өткiзу үшін қажеттi және биржалық мәмiлелер жасасу, сондай-ақ ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесiн автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтамасыз етілуі, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешенi.»;
10 тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ТБЭСЖ БҚ сауда жүйесі, ақпараттық-талдау жүйесі, деректер беру желісі (егер сауданың технологиялық процесі осындай жүйемен өзара іс-қимылды жасауды көздесе) бағдарламалық жүйелерді қамтуы (немесе қолданыстағы бағдарламалық жүйелермен электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді)».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
__________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «___» ________