Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров и минимального размера представляемых партий, которые реализуются через товарные биржи»

Бұйрық · № 29 · қабылданған 30.01.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-142-ekb-110205/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров и минимального размера представляемых партий, которые реализуются через товарные биржи» Қолданыста Бұйрық ·№ 29 ·30.01.2017
30.01.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров и минимального размера представляемых партий, которые реализуются через товарные биржи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 29 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров и минимального размера представляемых партий, которые реализуются через товарные биржи»
Атауы (қаз.)
«Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29
Қабылданған күні
30.01.2017
Көрсетілген редакция
30.01.2017 110205_166982.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014837
ЭКБ идентификаторы
110205
Редакция идентификаторы
110205_166982
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:19

0 «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесі және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерінде:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«
7.
Таскөмір; таскөмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері**
2701
300 тонна
8.
Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір**
2702
300 тонна
».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне берілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
__________________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы 31 қантар

Қолданыстағы