Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров»

Бұйрық · № 312-НҚ · қабылданған 28.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-142-ekb-150824/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров» Қолданыста Бұйрық ·№ 312-НҚ ·28.12.2020
28.12.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров»

Қолданыста Бұйрық ·№ 312-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров»
Атауы (қаз.)
«Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
312-НҚ
Қабылданған күні
28.12.2020
Көрсетілген редакция
28.12.2020 150824_502761.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021957
ЭКБ идентификаторы
150824
Редакция идентификаторы
150824_502761
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:24

0 «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

0 Биржалық тауарлардың тізбесі

2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 312-НҚ
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы № 142
бұйрығымен бекітілген
Биржалық тауарлардың тізбесі

Топ
Тауар
Тауарлардың атауы
ЕАЭО СЭҚ ТН коды
Тауарларды жеткізу партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасы арқылы ғана жүзеге асырылады
Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауардың ең төменгі үлесі және аталған міндет қолданылатын субъектілердің санаттары
1
2
3
4
5
6
7
1
Энергия тасығыштар
Көмір
Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері*
2701
60 тонна (көмір өндіруші компаниялар көмірді коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін сату кезінде)
Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір*
2702
60 тонна (көмір өндіруші компаниялар көмірді коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін сату кезінде)
2
Ауыл шаруашылығы өнімдері
Бидай және меслин
Бидай және меслин
1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0
300 тонна
1-сұрыпты бидай ұны***
1-сұрыпты бидай ұны
1101001500
60 тонна
Қант
Қант
1701
60 тонна
Арпа
Арпа
1003 10 000 0, 1003 90 000 0
600 тонна
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары
1201
60 тонна
Балғын немесе тоңазытылған картоп
0701
60 тонна
Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшыраған мақта талшығы
5203 00 000 0
600 тонна
3
Минералды өнімдер
Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанында портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер
2523
60 тонна
4
Мұнай өнімдері
битум****
мұнай битумы
2713 20 000 0
10%
автомобиль бензині**
автомобиль бензині октандық саны 92 немесе одан да көп, бірақ 95-тен кем
2710 12 413 0
автомобиль бензині**
автомобиль бензині октандық саны 95 немесе одан да көп, бірақ 98-тен кем
2710 12 450 0
автомобиль бензині**
автомобиль бензині октандық саны 98 немесе одан да көп
2710 12 490 0
реактивті қозғалтқыштарға арналған отын**
реактивті қозғалтқыштарға арналған отын
2710 19 210 0
дизель отыны
жазғы дизель отыны
2710 19 421 0
дизель отыны**
қысқы дизель отыны
2710 19 422 0
дизель отыны**
арктикалық дизель отыны
2710 19 423 0
дизель отыны**
маусымаралық дизель отыны
2710 19 424 0
дизель отыны**
өзге дизель отыны
2710 19 425 0
________________________________
* - көрсетілген тізбе көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылмайды;
** - 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензинін, дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін беру жоспарының шеңберінде белгілейді;
*** - 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі;
**** - 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы