О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 142 «Об утверждении перечня биржевых товаров»
- Атауы (қаз.)
- «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 526-НҚ
- Қабылданған күні
- 15.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2026 158714_827348.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024394
- ЭКБ идентификаторы
- 158714
- Редакция идентификаторы
- 158714_827348
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:45
0 «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Мұнай өнімдері
битум
мұнай битумы
2713 20 000 0
Ағымдағы өндірістік жылдың ішкі нарығына жеткізуге жоспарланған битумның жалпы жылдық көлемінің 10%-ы.
Өзіне меншік құқығымен тиесілі көмірсутек шикізатынан өндірілген битумды өндіруші, битумның меншік иесі.
автомобиль бензині***
автомобиль бензині октандық саны 92 немесе одан да көп, бірақ 95-тен кем
2710 12 413 0
автомобиль бензині***
автомобиль бензині октандық саны 95 немесе одан да көп, бірақ 98-тен кем
2710 12 450 0
автомобиль бензині***
автомобиль бензині октандық саны 98 немесе одан да көп
2710 12 490 0
реактивті қозғалтқыштарға арналған отын***
реактивті қозғалтқыштарға арналған отын
2710 19 210 0
дизель отыны***
жазғы дизель отыны
2710 19 421 0
дизель отыны***
қысқы дизель отыны
2710 19 422 0
дизель отыны***
арктикалық дизель отыны
2710 19 423 0
дизель отыны***
маусымаралық дизель отыны
2710 19 424 0
дизель отыны***
өзге дизель отыны
2710 19 425 0
».
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі