О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 156 «Об утверждении Правил отбора кандидатов, принимаемых на службу в органы прокуратуры Республики Казахстан и их предварительного изучения» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12782 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) «2. Іріктеу және алдын ала зерделеу тәртібі» деген тарауда: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу аға басшы құрам лауазымдарына жүзеге асырылады және бірқатар дәйекті кезеңдерді өтуді қамтиды: 1) кәсіби құзыреттіліктерге сәйкестік деңгейін анықтау; 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне компьютерлік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу); 3) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және прокуратура органының тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу; 4) міндетті арнайы тексеріс.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Кадр қызметі тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен емес баға алған кандидаттарға үш жұмыс күні ішінде қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтуге жолдама береді (лауазымға және мамандығына сәйкес). Кандидат науқастанған, жақын туысы қайтыс болған, дүлей апаттар кезіндегі, төтенше жағдай енгізілген жағдайларды қоспағанда, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан уақтылы өтпеген жағдайда кандидатқа қайтадан жолдама берілмейді. Денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды деп танылған кандидат полиграфологиялық зерттеуден өтеді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық осы Қағидалардың 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.