О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 26 января 2015 года № 17 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 26 января 2015 года № 17 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28
- Қабылданған күні
- 01.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 99330_83003.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003594
- ЭКБ идентификаторы
- 99330
- Редакция идентификаторы
- 99330_83003
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:42
0 «Оңтүстік Қазақстан облысының
мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылауы басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 17 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабының 7) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №17 «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2989-нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.»;
«2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген тарауда:
16-тармақтың 2) және 8) тармақшалары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.».
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.
Д.Сатыбалды
Б.Жылқышиев
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
К.Мендебаев