Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 26 января 2015 года № 17 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Южно-Казахстанской области»

Қаулы · № 28 · қабылданған 01.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-17/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 26 января 2015 года № 17 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Южно-Казахстанской области» Күшін жойған 16.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 26 января 2015 года № 17 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Южно-Казахстанской области»

Күшін жойған Қаулы № 28 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 26 января 2015 года № 17 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Южно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28
Қабылданған күні
01.02.2016
Көрсетілген редакция
16.05.2016 99330_83003.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16U0003594
ЭКБ идентификаторы
99330
Редакция идентификаторы
99330_83003
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Оңтүстік Қазақстан облысының

мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылауы басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 17 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабының 7) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №17 «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2989-нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.»;
«2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген тарауда:
16-тармақтың 2) және 8) тармақшалары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.».

2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

Д.Сатыбалды
Б.Жылқышиев
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
К.Мендебаев