О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 26 января 2015 года № 18 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственных закупок Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 26 января 2015 года № 18 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственных закупок Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 05.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 99325_82941.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003593
- ЭКБ идентификаторы
- 99325
- Редакция идентификаторы
- 99325_82941
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:37
0 «Оңтүстік Қазақстан облысының
мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы Ережені
бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің 2015 жылғы
26 қаңтардағы №18 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №18 «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3009-нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 11 ақпанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже» деген қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген бөлімінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ облыс әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады».
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 160023, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
Астана даңғылы, 10.»;
«2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген бөлімінде:
14-тармақта, 15-тармақтың 1) тармақшасында, 16-тармақтың 1) тармақшасында «әкімімен» деген сөз «әкімдігімен» деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырманы қарастырады;».
17-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1 тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) тапсырыс беруші «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы деп таныған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асыру;»;
4) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
Д.Сатыбалды
С.Тұяқбаев
Б.Жылқышиев
А.Абдуллаев
С.Қаныбеков
К.Мендебаев
Е.Садыр