Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года № 191 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Қаулы · № 274 · қабылданған 29.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-191-ekb-108693/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года № 191 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи» Күшін жойған Қаулы ·№ 274 ·29.11.2016
25.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года № 191 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Күшін жойған Қаулы ·№ 274 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года № 191 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
274
Қабылданған күні
29.11.2016
Көрсетілген редакция
25.12.2019 108693_694689.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16T0003735
ЭКБ идентификаторы
108693
Редакция идентификаторы
108693_694689
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:08

0 Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы

26 маусымдағы № 191 «Тұрғын үй көмегін
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3261 болып тіркелген, 2015 жылы 23 шілдеде «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1 1) 1-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;

2 2) 4-тармақтағы «туралы» деген сөзден кейін «(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11015 болып тіркелген)» деген сөздермен толықтырылсын;

3 3) барлық мәтін бойынша және 1, 2, 3-қосымшалардағы «ХҚКО», «ХҚКО-ға» деген сөздер сәйкесінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен ауыстырылсын;

4 4) 4-бөлімнің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И.Нәутиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы