Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года № 191 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Қаулы · № 192 · қабылданған 07.08.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-191/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года № 191 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи» Күшін жойған Қаулы ·№ 192 ·07.08.2018
25.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года № 191 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Күшін жойған Қаулы ·№ 192 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 26 июня 2015 года № 191 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
192
Қабылданған күні
07.08.2018
Көрсетілген редакция
25.12.2019 124180_694771.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18T0004227
ЭКБ идентификаторы
124180
Редакция идентификаторы
124180_694771
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:33

0 Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3261 болып тіркелген, 2015 жылы 23 шілдеде «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11015 болып тіркелген) бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат түріндегі сұраныс негіз болып табылады.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды операция залында «кедергісіз» қызмет көрсету тәсілімен электронды кезек арқылы Мемлекеттік корпорация операторына ұсынады (5 (бес) минут ішінде).
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.С. Сайлауоваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы