Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 204 «Об утверждении Правил исполнения судебных актов за счет государственного бюджета по возмещению вреда, причиненного в результате незаконного осуждения, незаконного привлечения к уголовной ответственности, незаконного применения в качестве меры пресечения заключения под стражу, домашнего ареста, подписки о невыезде, незаконного наложения административного взыскания в виде ареста или исправительных раб

Бұйрық · № 710 · қабылданған 11.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-204-ekb-117718/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 204 «Об утверждении Правил исполнения судебных актов за счет государственного бюджета по возмещению вреда, причиненного в результате незаконного осуждения, незаконного привлечения к уголовной ответственности, незаконного применения в качестве меры пресечения заключения под стражу, домашнего ареста, подписки о невыезде, незаконного наложения административного взыскания в виде ареста или исправительных раб Қолданыста Бұйрық ·№ 710 ·11.12.2017
11.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 204 «Об утверждении Правил исполнения судебных актов за счет государственного бюджета по возмещению вреда, причиненного в результате незаконного осуждения, незаконного привлечения к уголовной ответственности, незаконного применения в качестве меры пресечения заключения под стражу, домашнего ареста, подписки о невыезде, незаконного наложения административного взыскания в виде ареста или исправительных раб

Қолданыста Бұйрық ·№ 710 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 204 «Об утверждении Правил исполнения судебных актов за счет государственного бюджета по возмещению вреда, причиненного в результате незаконного осуждения, незаконного привлечения к уголовной ответственности, незаконного применения в качестве меры пресечения заключения под стражу, домашнего ареста, подписки о невыезде, незаконного наложения административного взыскания в виде ареста или исправительных раб
Атауы (қаз.)
«Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 204 бұйрығына
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
710
Қабылданған күні
11.12.2017
Көрсетілген редакция
11.12.2017 117718_280624.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016183
ЭКБ идентификаторы
117718
Редакция идентификаторы
117718_280624
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:53

0

«Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 204 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 204
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10824 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғағаннан кейін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 241-бабының және тиісті сот актілерінің талаптарына сәйкес ресімделген атқару парағының көшірмелерін қоса бере отырып, атқарушылық іс қозғау туралы қаулының көшірмесін жібереді немесе береді. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі мемлекеттік сот орындаушысын көрсетілген құжаттарды алған күні мен сот актілерінің орындалу сатысы туралы хабарлайды.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі атқарушылық құжатты атқарушылық іс жүргізуді қорғау туралы қаулының көшірмесі және қоса берілген құжаттар түскен күннен бастап бір ай мерзімде орындамаған жағдайда, мемлекеттік сот орындаушысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы
4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне (Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелді) (бұдан әрі - Бюджеттің атқарылу ережесі) сәйкес инкассалық өкімді шығару жөнінде шаралар қабылдайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметі департаментi (М.Б. Әділханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_________________ М. Бекетаев
2017 жылғы 26 желтоқсан

Қолданыстағы