О внесении изменений в решение от 26 мая 2015 года № 205 «О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Хобдинского района в 2015 году»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 26 мая 2015 года № 205 «О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Хобдинского района в 2015 году»
- Атауы (қаз.)
- «2015 жылы Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы № 205 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 221
- Қабылданған күні
- 04.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.02.2016 95657_60112.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CG004587
- ЭКБ идентификаторы
- 95657
- Редакция идентификаторы
- 95657_60112
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:45
0
«2015 жылы Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы № 205 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қобда аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 мамырдағы № 205 «2015 жылы Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауындағы «2015 жылы» деген сөздері «2015 жылға» деген сөздерімен ауыстырылсын;
1 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2015 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдаудың келесідей түрлері көрсетілсін:».