Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 207 «Об утверждении Правил ведения реестра государственного имущества, включая порядок взаимодействия государственных органов и представления пользователям сведений из него»

Бұйрық · № 481 · қабылданған 09.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-207-ekb-214004/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 207 «Об утверждении Правил ведения реестра государственного имущества, включая порядок взаимодействия государственных органов и представления пользователям сведений из него» Қолданыста Бұйрық ·№ 481 ·09.09.2025
09.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 207 «Об утверждении Правил ведения реестра государственного имущества, включая порядок взаимодействия государственных органов и представления пользователям сведений из него»

Қолданыста Бұйрық ·№ 481 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 207 «Об утверждении Правил ведения реестра государственного имущества, включая порядок взаимодействия государственных органов и представления пользователям сведений из него»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
481
Қабылданған күні
09.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.11.2025
Көрсетілген редакция
09.09.2025 214004_777153.kaz
Соңғы өзгеріс
09.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036811
ЭКБ идентификаторы
214004
Редакция идентификаторы
214004_777153
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:25

0 «Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесі - әлеуетті сатып алушылар (сатып алушылар) жекешелендіру процесіне бастамашылық жасайтын мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылатын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тізімі;»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 199-бабының 2-1-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастыратын мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесі;»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Тізілім веб-порталына қолжетімділік деңгейі бойынша пайдаланушылар мынадай санаттарға бөлінеді:
1) жеке және заңды тұлғалар;
2) мемлекеттік заңды тұлғалар;
3) тиісті саланың уәкілетті органдары;
4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
5) сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары;
6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;
7) облыстық уәкілетті орган және облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
8) аудандық уәкілетті орган және аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
9) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеті мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға және коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруға өкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар;
10) монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері;
11) Бас прокуратура, облыстардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралары.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

Қолданыстағы