О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 234 "Об утверждении Правил работы с персоналом в энергетических организациях Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 234 "Об утверждении Правил работы с персоналом в энергетических организациях Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 208
- Қабылданған күні
- 17.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2016 103878_Some(96118).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013833
- ЭКБ идентификаторы
- 103878
- Редакция идентификаторы
- 103878_Some(96118)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:08
0 «Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Зиянды және қауіпті өндірістік факторларымен жұмысқа, сондай-ақ жерасты жұмыстарына адамдарды қабылдауды олар алдын ала медициналық қарап-тексеруден өткеннен кейін және денсаулығының жай-күйі бойынша қарсы көрсеткіштердің болмауы анықталғаннан кейін жұмыс беруші жүзеге асырады»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жұмыскер медициналық қарап-тексеруден жалтарған жағдайда немесе өткізілген қарап-тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындамаса, жұмыскер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек міндеттерін орындаудан шеттетіледі».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 27 мамыр