О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 298 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 298 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности"
- Атауы (қаз.)
- "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 627
- Қабылданған күні
- 03.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2016 105239_111251.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014069
- ЭКБ идентификаторы
- 105239
- Редакция идентификаторы
- 105239_111251
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:10
0 «Адвокаттық қызмет мәселелері
бойынша мемлекеттiк көрсетілетін
қызметтердің регламенттерін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 мамырдағы № 298
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11648 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған ) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына
аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекiтiлген «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11096 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу қорытындысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;