Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 298 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности»

Бұйрық · № 1554 · қабылданған 26.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-298/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 298 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности» Күшін жойған Бұйрық ·№ 1554 ·26.11.2018
28.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 298 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1554 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 298 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности»
Атауы (қаз.)
«Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1554
Қабылданған күні
26.11.2018
Көрсетілген редакция
28.05.2020 126441_468166.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017802
ЭКБ идентификаторы
126441
Редакция идентификаторы
126441_468166
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:28

0 «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін

қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 298 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11648 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 1507 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 26 қарашадағы
№ 1554 бұйрығына
1 - қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11096 болып тіркелген) (бұдан әрі-Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi-портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету электрондық нысанда.

3

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өткені туралы шешім не көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жолданады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4 4. Электрондық сұрау салу мемлекеттік қызметті көрсету үшін рәсімді (іс–қимылды) бастауға негiздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) өтiнiштi тiркеу-құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) күнтізбе күн iшiнде;

2 2) өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының құқықтық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету жөніндегі бөлiмнiң басшысына (бұдан әрі – бөлім басшысы) жолдауы-құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) күнтізбе күн iшiнде;

3 3) өтiнiштi бөлім басшысының құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметін көрсету жөніндегі бөлімінің маманына (бұдан әрі - бөлім маманы) қарауға беруі–құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) күнтізбе күн iшiнде;

4 4) бөлiм маманы:

1 (бір) күнтізбе күн iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады;
5 (бес) күнтізбе күн iшiнде құжаттарды талаптарға сәйкес тексереді және Комиссияның қарауына жолдайды;

5 5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 4 (төрт) сағат iшiнде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту хатына қол қояды;

6 6) Комиссия 1 (бір) күнтізбе күн ішінде, аттестаттауға жіберу не жібермеу туралы шешім шығарады;

7 7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау өткізу туралы хабарламаға 4 (төрт) сағат ішінде қол қояды;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаға қол қойылған күні оны көрсетілген қызметті алушыға жібереді;

9 9) адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау өткiзедi;

10 10) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірілмей 1 (бiр) күнтізбе күн iшiнде жолданады.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мына құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) қатысады:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2 2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3 3) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы;

4 4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы;

5 5) Комиссия.

7 7. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау және оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) күнтізбе күн iшiнде алынған құжаттарды тiркеуден өткiзедi және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарауға жiбередi;

2 2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) күнтізбе күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды және бөлiм басшысына жолдайды;

3 3) бөлiм басшысы құжаттар топтамасын түскен күннен бастап 1 (бiр) күнтізбе күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарайды және бөлiм маманына нұсқау бередi;

4 4) бөлім маманы:

1 (бір) күнтізбе күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады;
5 (бес) күнтізбе күн ішінде құжаттарды талаптарға сәйкес тексереді және Комиссияның қарауына жолдайды;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту хатына қол қояды;

6 6) Комиссия 1 (бір) күнтізбе күн ішінде, аттестаттауға жіберу не жібермеу туралы шешім шығарады;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау өткізу туралы хабарламаға 4 (төрт) сағат ішінде қол қояды;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаға қол қойылған күні оны көрсетілген қызметті алушыға жібереді;

9 9) Комиссия адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау өткізеді;

10 10) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру адвокаттық қызметпен айналысуға аттестат тапсырған сәттен бастап аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылының және қолдану тәртібінің сипаттамасы

8

8. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс–қимылдар диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы береді, бұл сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға өтініш жасау үшін порталдан «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізуі» таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы адымын қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы терезелердегі деректерді толтырады.
Электрондық сұрау салуға бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық сканерленген көшірмесін тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді сақтап, электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы қол қояды.
Өтінімді портал арқылы жолдау барысында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) мәліметтер қол жетімді және көрсетілетін қызметті алушы өтінішті сұрыптау кезінде жаңартылады;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) күнтізбе күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жүйе арқылы қызметті берушінің басшысына қарауына береді;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бөлім басшысына жолдайды;

4 4) бөлім басшысы 1 (бір) күнтізбе күн ішінде бөлім маманына жолдайды;

5

5) бөлім маманы портал арқылы түскен өтінімді алған сәттен бастап көрсетілетін қызмет алушының өтінімін қарап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды (жолданған құжаттар толық тапсырылмаған жағдай анықталған кезде 1 (бір) күнтізбе күн, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда 5 (бес) жұмыс күні);

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде өтінімді қарауға дәлелді бас тартуға қол қояды;

7 7) Комиссия 1 (бір) күнтізбе күн ішінде аттестаттауға жіберуге аттестаттауға жібермеу туралы шешім шығарады;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау өткізу туралы хабарламаға қол қояды.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне автоматты түрде жолданады.

9

9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Регламентiнiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында келтiрiлген.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Регламентiнiң 3-қосымшасына келтiрiлген.

11

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтiрiлсін.

1-1 Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 1 диаграммасы

«Адвокаттық қызметпен
айналысуға аттестаттаудан
өткiзу» Мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
1-қосымша
Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 1 диаграммасы
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру және рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгi тәртiбiнiң сипаттамасы:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен порталда тiркеудi жүзеге асырады, ол көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiнiң интернет-браузерiнде сақталады (порталға тiркелмеген тұтынушылар үшiн жүзеге асырылады);

2 2) 1 – процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiнiң интернет-браузерiне ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн бекiту, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн порталда алушының паролiн енгiзу процесi (авторизациялау процесi);

3 3) 1 – шарт - тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;

4 4) 2 – процесс - порталда көрсетiлетiн қызметтi алушылар деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

5

5) 3 – процесс – осы Регламентте көрсетiлген қызметтi алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректердi енгiзу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажеттi құжаттарды электрондық түрде тiркеу;

6 6) 4 – процесс көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдау;

7 7) 2 – шарт порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн, тiзiмде керi қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру нөмiрлерiнiң сұрау салуда көрсетiлген ЖСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру;

8 8) 5 – процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9 9) 6 – процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректерiн) куәландыру (қол қою);

10 10) 7 – процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын) тiркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;

11 11) 3 – шарт – көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң лицензия беру үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарға және негiздемелерге сәйкестiгiн тексеру;

12 12) 8 – процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

13 13) 9 – процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесiн алу. Электрондық құжатты көрсетiлетiн қызметтi берушi уәкiлеттi тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.

1-2 «Адвокаттық қызметпен

айналысуға аттестаттаудан
өткiзу» Мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
2-қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы
1 Кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) әрекетiнiң сипаттамасы
Негiз­гi про­цес­стiң iс-қи­мы­лы
Рәс­iм­дер­дiң (iс-қи­мыл­дар­дың) № ҚФБ-нiң ата­уы
1
2
3
4
5
Көр­сетiлетiн қыз­мет­тi бе­ру­шiнiң кең­сесi
Көр­сетiлетiн қыз­мет­тi бе­ру­шiнiң бас­шы­сы
Құқық түсiн­дi­ру және ха­лық­қа заң­гер­лік қыз­мет көр­се­ту бөлiм­нiң бас­шы­сы
Құқық түсiн­дi­ру және ха­лық­қа заң­гер­лік қыз­мет көр­се­ту бөлi­мінiң ма­ма­ны
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға үміт­кер адам­дар­ды ат­те­стат­тау жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­сы
Iс-қи­мыл­дар­дың ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өтiнi­штi және қа­жет­тi құ­жат­тар­ды қа­был­дау, өтiнi­штi тiр­кеу жур­на­лын­да тiр­кеу, со­ны­мен қо­са өтiнi­штiң оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шын­да келiп түс­кен күнi мен кiрiс нө­мiрiн көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тiк тiл­де тiр­кеу мөр­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды
Өтiнi­штi қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тiз­бесiнiң қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­i­гiн қа­рау
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ция өт­кiзiлетiнi ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ресiм­деу
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­стат­та­удан өт­кi­зу
Аяқ­тау ны­са­ны
Өтiнi­штi тiр­кеу жур­на­лын­да тiр­кеу, со­ны­мен қо­са өтiнi­штiң оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шын­да тiр­кеу мөр­таң­ба­сын қою
Орын­дау мерзi­мi­мен және жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны қам­ты­ған бұ­ры­шта­ма­сы­мен құ­жат­тар
Орын­дау мерзi­мi­мен және бөлiм­де­гi жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны қам­ты­ған бұ­ры­шта­ма­сы­мен құ­жат­тар
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ция өт­кiзiлетiнi ту­ра­лы ресiм­дел­ген ха­бар­ла­ма
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тiң ресiм­дел­ген нәти­же­сi
Орын­дау мерзi­мi
1 күн­тіз­бе күн
1 күн­тіз­бе күн
1 күн­тіз­бе күн
5 күн­тіз­бе күн
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ци­я­ны тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап
2-Кесте. Пайдалану түрлерi. Негiзгi процесс.
Негiз­гi про­цесс
Қыз­мет бе­ру­шiнiң кең­сесi
Қыз­мет бе­ру­шiнiң бас­шы­сы
Құқық түсiн­дi­ру және ха­лық­қа заң­гер­лік қыз­мет көр­се­ту бөлi­мінiң бас­шы­сы
Құқық түсiн­дi­ру және ха­лық­қа заң­гер­лік кық­мет көр­се­ту бөлi­мiнiң ма­ма­ны
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға әдiлет ат­те­ста­ци­я­лық ко­мис­си­я­сы
1. Өтiнi­штi және қа­жет­тi құ­жат­тар­ды қа­был­дау, өтiнi­штi тiр­кеу жур­на­лын­да тiр­кеу, со­ны­мен қо­са өтiнi­штiң оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шы­на келiп түс­кен күнi мен кiрiс нө­мiрiн көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тiк тiл­де тiр­кеу мөр­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды
2. Өтiнi­штi қа­рау
3. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тiз­бесiнiң қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­i­гiн қа­рау
4. Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ция өт­кiзiлетiнi ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ға хат­ты ресiм­деу
7. Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­стат­та­удан өт­кi­зу
6. Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ция өт­кiзiлетiнi ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны жi­бе­ру
5. Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ция өт­кiзiлетiнi ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ға қол қою
8. Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тiң нәти­же­сiн бе­ру
3-кесте. Портал арқылы ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы
1
Iс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Алушы
пор­тал
Алушы
«АИС СУ» АЖ ЖТ МДҚ
Алушы
пор­тал
3
Iс-әре­кет ата­уы (про­цес, рәс­iм, опе­ра­ци­я­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
Алушы­ның ЭЦҚ тiр­кеу ку­әлi­гiн ком­пью­тер­дiң ин­тер­нет-бра­у­зерiне бекiту
Алушы­ның де­ректерiн­де­гi бұ­зу­шы­лық­тар­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ра­ды
Қа­жет­тi құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де бекiту­мен са­у­ал де­ректерiн қа­лып­та­сты­ра­ды және қыз­мет­тi таң­дай­ды;
сот­ты­лы­ғы ту­ра­лы де­ректер­дiң бол­мауы­на бай­ла­ны­сты де­ректер­дi алу­дың мүм­кiн еме­стi­гi ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды
Ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшін ЭЦҚ таң­да­уы
Алушы­ның ЭЦҚ шы­най­ы­лы­ғы­нын рас­тал­мауы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­шi­мi)
Сәт­тi қа­лып­та­сты­ру және сұ­рау са­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Сәт­тi қа­лып­та­сты­ру және сұ­рау са­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Сұ­рау са­лу­ды ба­ғыт­тан­ды­ру
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
5
Орын­дау мерзi­мi
10–15 сек
20 сек
1,5 мин
20 сек
10-15 сек
10-15 сек
6
Ке­ле­сі Iс-әре­кет нө­мі­рі
2–алушы де­ректерiн­де бұ­зу­шы­лық­тар болған­да; 3–ав­тор­лан­ды­ру та­бысты өт­кен­де

4

7 – ЭЦҚ-да қа­те­лік болған­да; 9 – ЭЦҚ-да қа­те бол­ма­ған­да
-
кестенің жалғасы
7
8
9
Алушы
пор­тал
пор­тал
ЭЦҚ кө­ме­гі­мен са­у­ал­ды ку­әлан­ды­ру (кол кою)
Элек­трон­дық құ­жат­ты өті­ніш­ті (алушы­ның сұ­рау са­луын және сұ­рау са­лу­ды) өң­деу
Алушы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Сұ­рау са­лу­ды ба­ғыт­тан­ды­ру
Өті­ніш­тің нө­мі­рін бе­ре оты­рып сұ­рау са­лу­ды тір­кеу.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.
1,5 мин
1,5 мин
20 сек
-
10 - алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және ли­цен­зия бе­ру негіз­де­ріне сәй­кест­і­гін қыз­мет бе­ру­ші­нің тек­се­ру
-

1-3 Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 2 диаграммасы

«Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен
ай­на­лы­су­ға ат­те­стат­та­удан
өт­кi­зу» Мем­ле­кет­тiк көр­сетiлетiн
қыз­мет ре­гла­мен­тiне
3-қо­сым­ша
Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 2 диаграммасы
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш беру және рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгi тәртiбiнiң сипаттамасы:

1 1) 1-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң қызмет көрсету үшiн порталда ЖСН және паролiн (авторизациялау процесiн) енгiзуi;

2 2) 2-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiн енгiзу;

3 3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерi туралы сұрау салуды жiберу;

4 4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да «АИС СУ» АЖ-де көрсетiлетiн қызметтi алушының соттылығы туралы деректерiн тексеру;

5 5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнiң «АИС СУ» АЖ-де соттылығы туралы деректердiң болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру;

6

6) 5-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң сұрау салу нысанын, оның iшiнде қағаз түрiнде құжаттарының бар екендiгi туралы белгiсiн толтыруы және көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұрау салудың нысанына бекiтуi және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) ЭЦҚ арқылы куәландыру;

7 7) 6-процесс – порталда электрондық құжатты тiркеу;

8 8) 2-шарт – қоса берiлген құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушi Стандартта және қызмет көрсету үшiн негiздемелерге сәйкес көрсетiлгенiн тексеру (өңдеу);

9 9) 7-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

10 10) 8-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушы қызмет нәтижесiн (адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу) алу.

1-4 Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Адвокаттық қызметпен
айналысуға аттестаттаудан
өткiзу» Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
регламентiне 4-қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

2 «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2018 жылғы 26 қарашадағы
№ 1554 бұйрығына
2-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі–мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №11096 болып тіркелген) (бұдан әрі-Стандарт) негізінде, Қазақстан Республикасының Әділет министрігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi-портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету электрондық нысанда.

3

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетiлетiн қызметтi алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген өзге де құжаттарды (электрондық сканерленген көшірмелері тіркеледі) тіркеу арқылы электрондық сұрау салуы мемлекеттік қызметті көрсету үшін рәсімді (іс-қимылды) бастауға негiздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу-құжаттар түскен күннен бастап 30 минут iшiнде;

2 2) өтініштің көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының құқық түсіндіру жұмысын, заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) басшысына жолдауы-құжаттар түскен күннен бастап 30 минут iшiнде;

3 3) өтінішті Басқарма басшысының Басқарма қызметкеріне жолдауы-құжаттар түскен күннен бастап 30 минут iшiнде;

4 4) өтінішті Басқарма қызметкерінің қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі-лицензияны беру кезінде 14 (он төрт) жұмыс күні, қайта ресімдеу кезінде 2 (екі) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын берген кезде 1 (бір) жұмыс күні;

5 5) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қоюы – 1 (бiр) жұмыс күні iшiнде.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау және оның орындалу ұзақтығы

6 6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мына құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi):

1 1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;

2 2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3 3) Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (бұдан әрі-ТҚжЗҚҰД) директоры;

4 4) Басқарма басшысы;

5 5) Басқарма қызметкері қатысады.

7 7. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттар түскен күннен бастап 30 минут iшiнде алынған құжаттарды тiркеуден өткiзедi және Басқарма басшысына қарауға жiбередi;

2 2) Басқарма басшысы құжаттар түскен күннен бастап 30 минут iшiнде Басқарма қызметкеріне нұсқаумен жiбередi;

3

3) Басқарма қызметкері құжаттар топтамасын көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезден бастап көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды және ТҚжЗҚҰД директорына келісуге және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қол қоюға жiбередi:лицензияны беру кезiнде 14 (он төрт) жұмыс күнi; қайта рәсімдеу кезінде 2 (екі) жұмыс күні;лицензияның телнұсқасын берген кезде 1 (бір) жұмыс күні;

4 4) ТҚжЗҚҰД директоры 2 (екі) сағат iшiнде лицензияға немесе лицензияның телқұжатын беруге келіседі;

5 5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 1 (бiр) жұмыс күні iшiнде лицензияға немесе лицензияның телнұсқасына қол қояды.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылының және қолдану тәртібінің сипаттамасы

8

8. Көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру тәртiбi мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық iс-қимылдар диаграммасы түрiнде портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiштi портал арқылы бередi, бұл сұрау салу көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қарауына жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiш жасауы үшiн порталдан «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын берудi» таңдайды.
Портал көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердi автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудiң бастапқы адымын қалыптастырады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы жылжымалы терезелердегi деректердi:
электрондық үкiметтiң төлем шлюзi (бұдан әрi-ЭҮТШ) арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы ақпарат, түбiртек қағаз жеткiзгiште болған жағдайда сұрау салуға электрондық құжаттың көшiрмесi түрiнде қоса берiледi;
электрондық сұрау салуға бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық сканерленген көшірмесін тіркейді.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы оны электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi-ЭЦҚ) қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды. Көрсетiлетiн қызметтi алушы сұрау салуды портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде өтiнiш туралы ақпарат қол жетiмдi болады, көрсетiлетiн қызметтi берушiмен өтiнiштi өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап);

2 2) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттар түскен күннен бастап 30 минут iшiнде алынған құжаттарды тiркеуден өткiзедi және жүйе арқылы Басқарма басшысының қарауына бередi;

3 3) Басқарма басшысы құжаттар түскен күннен бастап 30 минут iшiнде Басқарма қызметкеріне нұсқаумен жiбередi;

4

4) Басқарма қызметкері құжаттар топтамасын көрсетiлетiн қызметтi берушіге тапсырған кезден бастап көрсетiлетiн қызметтi алушының өтінішін қарайды, ТҚжЗҚҰД директорына келісуге жібереді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жiбередi (лицензияны беру кезiнде мерзiмi 14 (он төрт) жұмыс күнi, қайта ресімдеу кезінде 2 (екі) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын берген кезде мерзiмi 1 (бір) жұмыс күнi);

5 5) ТҚжЗҚҰД директоры 2 (екі) сағат iшiнде лицензияға келісім береді;

6 6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 1 (бiр) жұмыс күні iшiнде лицензияға қол қояды.Көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке кабинетiне автоматты түрде жолданады.

9

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдарың) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Регламентiнiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

10 10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

11 11. Осы Регламенттiң 3-қосымшасында электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi ұсынылуы тиiс нысандар, бланкi шаблондары келтiрiлген.

12

12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында келтiрiлген.

2-1 Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы

«Адвокаттық қызметпен
айналысуға лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
1-қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) рәсiмдер
(iс-қимылдар) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) әрекетiнiң сипаттамасы
Рәс­iм­дер (iс-қи­мыл­дар) №
1
2
3
4
5
ҚФБ ата­уы
Кең­се
Заң қыз­метiн көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның бас­шы­сы
Заң қыз­метiн ұй­ым­да­сты­ру және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы
ТҚжЗҚҰД ди­рек­то­ры
УО бас­шы­сы
Iс-қи­мыл­дар­дың ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Ли­цен­зия бе­ру­ге, қай­та ресiм­де­у­ге, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ге өтiнi­штi және қа­жет­тi құ­жат­тар тiз­бесiн қа­был­дау,
алын­ған құ­жат­тар­ға тiр­кеу жа­сай­ды, бұл рет­те өтiнi­штiң оң жақ тө­мен­гi бұ­ры­шы­на түс­кен күнi мен кiрiс нө­мiрiн көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тiк тiл­де тiр­кеу мөр­таң­ба­сын қо­яды
Тiр­ке­у­ге келi­седi және заң қыз­метiн көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы­на нұс­қа­ма жi­бе­редi
Көр­сетiлетiн қыз­мет­тi алушы­ның өтiнi­шiн қа­рай­ды, тiзiлiм­ге ли­цен­зия бе­ру, қай­та ресiм­деу неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру ту­ра­лы жа­з­ба ен­гi­зу, ли­цен­зи­я­ны қай­та ресiм­деу неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын ресiм­деу
Ли­цен­зи­я­ға, қай­та ресiм­де­у­ге неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сы­на қол қо­ю­ды ке­лі­су.
Өтiнi­штi қа­рау, ли­цен­зи­я­ға, қай­та ресiм­де­у­ге неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сы­на қол қою.
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­тудiң нәти­же­сiн көр­сетiлетiн қыз­мет­тi алушы­ның ме­кен­жай­ы­на по­шта ар­қы­лы жi­бе­редi
Орын­дау мерзi­мi мен бас­қар­ма­ның жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы қам­ты­л­ған қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Тiр­кеу тiзiлi­мiне жа­з­ба, ли­цен­зи­я­ны ресiм­деу, қай­та ресiм­деу неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын ресiм­деу
Ли­цен­зи­я­ға, қай­та ресiм­де­у­ге неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сы­на ке­лі­сі­л­ген қол қою.
Ли­цен­зи­я­ға, қай­та ресiм­де­у­ге неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сы­на қол қою, элек­трон­дық ли­цен­зия бе­ру
Орын­дау мерзi­мi
1 жұ­мыс күн
1 жұ­мыс күн
11 жұ­мыс күн
1 жұ­мыс күн
1 жұ­мыс күн
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.
Кең­се
Заң қыз­метiн көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның бас­шы­сы
Заң қыз­метiн көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы
УО бас­шы­сы
1. Ли­цен­зия бе­ру­ге, қай­та ресiм­де­у­ге, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ге өтiнiш және қа­жет­тi құ­жат­тар тiз­бесiн қа­был­дау, бұл рет­те, өтiнi­штiң тө­мен­гi оң жақ бұ­ры­шы­на түс­кен күнi мен кiрiс нө­мiрiн көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тiк тiл­де тiр­кеу мө­ра­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды.
2. тiр­ке­у­ге келi­седi және заң қыз­метiн көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы­на нұс­қа­ма жi­бе­редi
3. Ку­әлiк­тi бе­ру неме­се ку­әлiк­тiң тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту қо­ры­тын­ды­ны ресiм­дей­дi.
4. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ресiм­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тынды­ға қол қо­яды
6. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ресiм­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны көр­сетiлетiн қыз­мет­тi алушы­ның ме­кен­жай­ы­на жi­бе­редi
5. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ресiм­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны кең­се­ге жi­бе­редi.
3-кесте. Портал арқылы ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы
1
Iс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Алушы
пор­тал
Алушы
"АИС СУ" АЖ ЖТ МДҚ
ЭҮТШ
пор­тал
3
Iс-әре­кет ата­уы (про­цес, рәс­iм, опе­ра­ци­я­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
Алушы­ның ЭЦҚ тiр­кеу ку­әлi­гiн ком­пью­тер­дiң ин­тер­нет-бра­у­зерiне бекiту
Алушы­ның де­ректерiн­де­гi бұ­зу­шы­лық­тар­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ра­ды
Қа­жет­тi құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де бекiту­мен са­у­ал де­ректерiн қа­лып­та­сты­ра­ды және қыз­мет­тi таң­дай­ды;
сот­ты­лы­ғы ту­ра­лы де­ректер­дiң бол­мауы­на бай­ла­ны­сты де­ректер­дi алу­дың мүм­кiн еме­стi­гi ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет тө­лем ақы­сын жа­сау
Тө­ле­ма­қы­ның жоқ­тығ­ы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­шi­мi)
Сәт­тi қа­лып­та­сты­ру және сұ­рау са­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.
Сәт­тi қа­лып­та­сты­ру және сұ­рау са­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Әре­кет­тiң сәт­тi аяқ­тал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
5
Орын­дау мерзi­мi
10–15 сек
20 сек
1,5 мин
20 сек
1,5 мин
20 сек
6
Ке­лесi iс-әре­кет нө­мiрi
2–алушы де­ректерiн­де бұ­зу­шы­лық­тар болған­да; 3–ав­тор­лан­ды­ру та­бысты өт­кен­де

4
-
5 – тө­ле­ма­қы­сын жа­са­ма­ған­да;
6 – тө­ле­ма­қы­сын жа­са­ған­да

кестенiң жалғасы
7
8
9
10
11
12
Алушы
пор­тал
пор­тал
пор­тал
пор­тал
пор­тал
Ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшiн ЭЦҚ таң­да­уы
Алушы­ның ЭЦҚ шы­най­ы­лы­ғы­ның рас­тал­мауы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
ЭЦҚ кө­ме­гi­мен са­у­ал­ды ку­әлан­ды­ру (қол қою)
Элек­трон­дық құ­жат­ты өтiнi­штi (алушы­ның сұ­рау са­луын және сұ­рау са­лу­ды ) өң­деу
Алушы­ның де­ректерiн­де­гi бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат
Сұ­рау са­лу­ды ба­ғыт­тан­ды­ру
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.
Сұ­рау са­лу­ды ба­ғыт­тан­ды­ру
Өтiнi­штiң нө­мiрiн бе­ре оты­рып сұ­рау са­лу­ды тiр­кеу.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.
Элек­трон­дық ли­цен­зия
10–15 сек
10–15 сек
1,5 мин
1,5 мин
20 сек
15 жұ­мыс күнi
7 – ЭЦҚ-да қа­телiк болған­да; 9 – ЭЦҚ-да қа­те бол­ма­ған­да
-
-
10 - алушы­ның бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры­на және ли­цен­зия бе­ру негiз­дерiне сәй­кест­i­гiн қыз­мет бе­ру­шiнiң тек­се­руi
-

2-2 Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 1 диаграммасы

«Адвокаттық қызметпен айналысуға
лицензия беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
2-қосымша
Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету
кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 1 диаграммасы
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру және рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгi тәртiбiнiң сипаттамасы:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен порталда тiркеудi жүзеге асырады, ол көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiнiң интернет-браузерiнде сақталады (порталға тiркелмеген тұтынушылар үшiн жүзеге асырылады);

2 2) 1-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiнiң интернет-браузерiне ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн бекiту, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн порталда алушының паролiн енгiзу процесi (авторизациялау процесi);

3 3) 1-шарт - тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;

4 4) 2-процесс - порталда көрсетiлетiн қызметтi алушылар деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

5

5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетiлген қызметтi алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректердi енгiзу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажеттi құжаттарды электрондық түрде тiркеу;

6 6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтердi төлеу, содан кейiн ол ақпарат порталға түседi;

7 7) 2-шарт – қызмет көрсеткенi үшiн төлегенi туралы фактiнi порталда тексеру;

8 8) 5-процесс – қызмет көрсеткенi үшiн порталда төлемнiң болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

9 9) 7-процесс көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдау;

10 10) 3-шарт порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн, тiзiмде керi қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру нөмiрлерiнiң сұрау салуда көрсетiлген ЖСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру;

11 11) 7-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12 12) 8-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректерiн) куәландыру (қол қою);

13 13) 9-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын) тiркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;

14 14) 4-шарт – көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң лицензия беру үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарға және негiздемелерге сәйкестiгiн тексеру;

15 15) 10-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

16 Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 2 диаграммасы

16) 11-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесiн (электрондық лицензияны) алу.
Электрондық құжатты көрсетiлетiн қызметтi берушi уәкiлеттi тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы электрондық мемлекеттiк
қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың
№ 2 диаграммасы
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш беру және рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгi тәртiбiнiң сипаттамасы:

1 1) 1-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң қызмет көрсету үшiн порталда ЖСН және паролiн (авторизациялау процесiн) енгiзу;

2 2) 2-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiн енгiзу;

3 3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерi туралы сұрау салуды жiберу;

4 4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да "АИС СУ" АЖ-де көрсетiлетiн қызметтi алушының соттылығы туралы деректерiн тексеру;

5 5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнiң "АИС СУ" АЖ-де соттылығы туралы деректердiң болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру;

6

6) 5-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң сұрау салу нысанын, оның iшiнде қағаз түрiнде құжаттарының бар екендiгi туралы белгiсiн толтыруы және көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұрау салудың нысанына бекiтуi және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) ЭЦҚ арқылы куәландыру;

7 7) 6-процесс – порталда электрондық құжатты тiркеу;

8 8) 2-шарт – қоса берiлген құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушi Стандартта және қызмет көрсету үшiн негiздемелерде көрсетiлген сәйкестiгiн тексеру (өңдеу);

9 9) 7-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

10 10) 8-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушы қызмет нәтижесiн (адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу) алу.

Шартты белгiлерi:

2-3 «Адвокаттық қызметпен

айналысуға лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
3-қосымша
Шығатын құжаттар
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi
ДӘЛЕЛДI БАС ТАРТУ ЖТ атауы
[УО Атауы], Сiздiң (Өтiнiм күнi) № (өтiнiм нөмiрi) өтiнiшiңiздi қарап шығып, мыналарды хабарлаймыз.
[Бас тартудың себебi]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә.]
Лицензия нысаны
20 _____жылғы «___»____________ №_______________
_________________________________________________________________________
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
_______________________________________________________________айналысуға
___________________________________________________________________берілді
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Ерекше шарттары__________________________________________________________
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
36-бабына сәйкес)
Ескерту:__________________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы
Лицензиар________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы
Басшы (уәкілетті тұлға)__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Алғашқы берілген күні: « » _______________ _____________ж.
Лицензияның қолданылу кезеңі: « » _______________ _____________ж
Берілген орны_____________________________

2-4 «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

«Адвокаттық қызметпен айналысуға
лицензия беру» Мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
4-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру»
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы
*Қызмет алушының мемлекеттiк органға жүгiнген кезiнде, қызметтi көрсету тәртiбi;
**Қызметтi "Е-лицензиялау" АЖ арқылы электрондық түрде көрсеткенде

Қолданыстағы