О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 317 «Об использовании автомобильной дороги (участка) общего пользования республиканского значения на платной основе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 317 «Об использовании автомобильной дороги (участка) общего пользования республиканского значения на платной основе»
- Атауы (қаз.)
- «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 331
- Қабылданған күні
- 27.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2019 132037_408035.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018770
- ЭКБ идентификаторы
- 132037
- Редакция идентификаторы
- 132037_408035
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:46
0 «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11144 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты «Көкшетау арқылы Нұр-Сұлтан - Петропавл» автомобиль жолының «Нұр-Сұлтан - Щучье» 18+772 километр (бұдан әрі - км) – 230+250 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) баламалы жол жүріп өту: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Нұр-Сұлтан – Атбасар» учаскесі, «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар – Зеренді» учаскесі», «Щучье – Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін; »;
1, 2 және 3 қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес редакциясында жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
1 Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы «___» ________
№ ____ бұйрығына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 317 бұйрығына
1 қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр
Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы
Шортанды ауданы
44 км + 000
Бозайғыр ауылы (Елизаветинка)
70 км + 500
Дамса кенті
75 км + 200
Шортанды қаласы
82 км + 300
Мықтыкөл ауылы (Барышевка)
Ақкөл ауданы
94 км + 700
Еңбек ауылы (Трудовое)
107 км + 800
Ақкөл қаласы
117 км + 000
Барап кенті
124 км + 600
Красный Горняк кенті
Бұланды ауданы
143 км + 100
Алакөл ауылы (Богдановка)
150 км + 000
Жаңаталап ауылы
160 км + 500
Алтынды кенті (Даниловка)
Біржан сал ауданы
170 км + 500
Қоғам кенті
179 км + 900
Макинка ауылы
Бұланды ауданы
196 км + 700
Макинск қаласы
Бурабай ауданы
208 км + 900
Қаражар кенті (Черноярка)
212 км + 100
Атамекен ауылы (Климовка)
216 км + 500
Жасыл кенті
222 км + 000
Жаңажол ауылы
2 Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы «___» ________
№ ____ бұйрығына
2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 317 бұйрығына
2 қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с
№
Елді мекеннің атауы
Шортанды ауданы
1.
Бозайғыр ауылы (Елизаветинка)
2.
Мықтыкөл ауылы (Барышевка)
Новокубанский ауылдық округі
3.
Дамса кенті
Бозайғыр ауылдық округі
4.
Бозайғыр кенті
Кеңес ауылдық округі
Ақкөл ауданы
5.
Барап кенті
6.
Красный Горняк кенті
Еңбек ауылдық округі
7.
Еңбек ауылы (Трудовое)
Даниловка ауылдық округі
8.
Алакөл кенті
Бұланды ауданы
9.
Боярка кенті
10.
Жаңаталап кенті
11.
Елтай кенті
12.
Алтынды кенті (Даниловка)
Ақсу ауылдық округі
Біржан сал ауданы
13.
Қоғам кенті
Бурабай ауданы
14.
Атамекен ауылы (Климовка)
15.
Қаражар кенті (Черноярка)
16.
Жаңажол кенті
17.
Жасыл кенті
3 Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем ставкалары
Қазақстан Республикасы Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы «___» _________
№ ____ бұйрығына
3 қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 317 бұйрығына
3-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту
үшін төлем ставкалары
І-а санатты «Көкшетау арқылы Нұр-Сұлтан - Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының
«Нұр-Сұлтан – Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесі:
теңге
Р/с №
Аймақтар
жеңіл автокөліктер
16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомо бильдері
32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері
32
орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомо бильде рі
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар
Жергілікті көлік
Алдын-ала төлем бойын ша транзит
Қолма-қол ақшамен, төлеген
де транзит
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1.
Шортанды,
19 – 83 км
(64 км)
60
60
120
310
650
950
1 300
1 500
2.
Ақкөл
83 – 109 км
(26 км)
50
50
100
250
500
750
1 000
1 250
3.
Бұланды
109 – 146 км
(37 км)
20
20
40
100
220
320
440
600
4.
Біржан сал
146 – 206 км
(60 км)
50
50
100
210
460
680
920
1 250
5.
Бурабай
206 – 230,5 км
(24,5 км)
20
20
40
130
270
400
540
600
6.
Бір бағыт тағы бар лық марш рут бойынша жиы ны (211,5 км)
200
200
400
1 000
2 100
3 100
4 200
5 200
Ескертпе:
1 1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк котергіштігіне және түріне байланысты жүріп откені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолдарындағы (учаскедегі) жол кесіндісі;
2 2) алдын-ала төлеу – пайдаланушының ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) ақы алу пунктері арқылы жүріп өткенге дейінгі төленген ақысы;
3 3) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
4
4) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ көлік;