Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 327 «Об утверждении Правил по организации работы специального транспорта в аэропортах Республики Казахстан»

Бұйрық · № 473 · қабылданған 03.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-327/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 327 «Об утверждении Правил по организации работы специального транспорта в аэропортах Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 473 ·03.07.2019
03.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 327 «Об утверждении Правил по организации работы специального транспорта в аэропортах Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 473 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 327 «Об утверждении Правил по организации работы специального транспорта в аэропортах Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 327 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
473
Қабылданған күні
03.07.2019
Көрсетілген редакция
03.07.2019 133688_416228.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019010
ЭКБ идентификаторы
133688
Редакция идентификаторы
133688_416228
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:15

0 «Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 327 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11676 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:
2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«25) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.»;
26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Азаматтық авиация ұйымының арнайы көліктерінің техникалық жағдайы мен пайдаланылуы, олардың мазмұны мен қызмет көрсетуi мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
1) арнайы көлік қызметінің, азаматтық авиация ұйымының басшылары жүргiзетiн бақылау мақсатындағы тексеру;
2) техникалық қарап-тексеру;
3) уәкiлеттi ұйымның және/немесе әуежайдың комиссияларының тексеруi.»;
93- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Ауыр салдарлы жол-көлiк оқиғалары (өлiм-жiтiм, зақымдану, адамдардың ауыр жарақаты) туралы азаматтық авиация ұйымдары көліктегі ішкі істер органдарына хабарлайды және оқиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей уәкiлеттi ұйымға хабар жібереді (8-қосымша).»;
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99. Арнайы көліктің техникалық жай-күйіне қойылатын талаптар осы Қағидаларда, шығарушы зауыттың нормативтiк техникалық құжаттарында белгiленедi.»;
105 және 106-тамақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«105. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету кезеңділігі негізгі автомобильдiң жүрiп өткен жолына немесе арнайы жабдықтың пайдаланылуына байланысты шығарушы зауыттың нормативтiк-техникалық құжаттарына сәйкес белгiленедi.
106. Пайдалану шарттарына байланысты негiзгi автомобильдер мен арнайы көліктің арнайы жабдығына техникалық қызмет көрсету кезеңділігіне өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн. Негiзгi автомобильдер мен арнайы көліктің арнайы жабдықтары мен техникалық қызмет көрсету кезеңiн өзгерту коэффициентiнiң мәнi шығарушы зауыттың нормативтiк-техникалық құжаттарында белгiленедi.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он үшінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы