Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 329 «Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним»

Бұйрық · № 614 · қабылданған 05.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-329-ekb-133916/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 329 «Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним» Қолданыста Бұйрық ·№ 614 ·05.08.2019
05.08.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 329 «Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним»

Қолданыста Бұйрық ·№ 614 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 329 «Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним»
Атауы (қаз.)
«Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
614
Қабылданған күні
05.08.2019
Көрсетілген редакция
05.08.2019 133916_417415.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019202
ЭКБ идентификаторы
133916
Редакция идентификаторы
133916_417415
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:53

0

«Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кезеңдiлiгi.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісіне қатысатын және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда тiркелген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiнiң параметрлерiн анықтау үшiн қолданылатын сынау жабдығы және өлшеу құралдары;
2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты өз құзыреті шегінде және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері;
3) көлiктiк бақылау органы – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары;
4) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – автомобиль көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және қолдап отыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі – БАЖ Операторы);
6) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi – механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң меншік иесі, сондай-ақ механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалдау құқығы, тиісті органның осы адамға механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн беру туралы өкімі) иеленетін адам. Өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына орай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде көлік құралын басқаратын адам механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесі болып табылмайды;
7) мiндеттi техникалық қарап-тексеруді жүргiзу – мiндеттi техникалық қарап-тексеруге қатысушы ретiнде осы Қағидаларда көзделген техникалық қарап-тексерудің операторлары жүзеге асыратын iс-қимылдар;
8) мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өту – мiндеттi техникалық қарап-тексеруге қатысушы ретiнде механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иесi жүзеге асыратын iс-қимылдар;
9) техникалық қарап-тексеру орталығының маманы – механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық қарап-тексеру операторының қызметкерi;
10) техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы – механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерiнiң техникалық жай-күйi параметрлерiнiң тiзбесi бар иесi және механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерi және мiндеттi техникалық қарап-тексеру нәтижелерi туралы мәлiметтерді қамтитын құжат.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру тәртiбi»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мiндеттi техникалық қарап-тексеруді өткiзу тәртiбi»;
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
«4-тарау. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі
52. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету үшін БАЖ Операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарына:
1) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-5) тармағына сәйкес бекітілген белгіленген талаптарға сәйкестігіне (бұдан әрі - Талаптар) және белгіленген Талаптармен тыйым салынған, оның ішінде деректерді қолмен енгізуге мүмкіндік беретін тәсілмен мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық белгілердің болмауына;
2) бастапқы кодтың компиляциялау мен құрастыру дайындығына тексеру жүргізеді.
53. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету мақсатында БАЖ Операторына мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардан белгіленген Талаптарға сәйкес келмейтін мәліметтерді қабылдауға және модульдерден, бақылаушылардан, датчиктерден бақылау-диагностикалық жабдықтардан жіберілетін деректерді бұрмалайтын мәліметтерді қабылдауға (деректерді) жол берілмейді.
54. Осы Қағидалардың 52-тармағымен көзделген талаптарды сақтаған кезде БАЖ Операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың берілген нұсқасы үшін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосу үшін сәйкестендіру кілтін жасайды.
55. Сәйкестендіру кілті жасалғаннан кейін және оны мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың бастапқы кодына шифрланған түрде енгізгеннен кейін БАЖ Операторы техникалық қарап-тексеру орталықтарының жұмыс станцияларында орындауға арналған орындалатын және өзге де файлдар жиынтығына мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың бастапқы кодын түпкілікті компиляциялау мен құрастыруды жүргізеді.
56. Соңғы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды шифрланған түрде сәйкестендіру кілтімен біріктіріп компиляциялағаннан және құрастырғаннан кейін, мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың орындалатын файлдарынан (оның ішінде DLL кітапханалары) хеш-сома алынады, ол кейінгі тексерулер жүргізу және диагностикалық картаның қызметтік алаңдарында пайдалану үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарда орындалатын файлдарының нұсқасы мен жай-күйін бірдей сәйкестендіреді.
57. БАЖ Операторы түрлендіргіштің тікелей мәнін белгілейді, ол хеш-функцияларды парольмен бірге береді және түрлі-түсті кестелерін пайдалана отырып, сөздік бойынша іріктеулерден және шабуылдардан қорғау, сондай-ақ бірдей парольдерді жасыру үшін пайдаланылады.
Түрлендіргіштің тікелей мәнін БАЖ Операторы белгілейді және беруге жатпайды.
58. Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарда белгіленген Талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде БАЖ Операторы деректерді осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдар механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне беруді тоқтады.
59. БАЖ Операторы көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органды мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды белгіленген Талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы хабардар етеді.»;
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларына қосымша»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кезеңдiлiгiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кезеңдiлiгi».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4

4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы