Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 329 «Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичность прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, за исключением механических транспортных средств и прицепов к ним Вооруженных Сил, других войск и воинских формир

Бұйрық · № 711 · қабылданған 12.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-329-ekb-175624/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 329 «Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичность прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, за исключением механических транспортных средств и прицепов к ним Вооруженных Сил, других войск и воинских формир Қолданыста Бұйрық ·№ 711 ·12.12.2022
12.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 329 «Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичность прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, за исключением механических транспортных средств и прицепов к ним Вооруженных Сил, других войск и воинских формир

Қолданыста Бұйрық ·№ 711 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 329 «Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичность прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, за исключением механических транспортных средств и прицепов к ним Вооруженных Сил, других войск и воинских формир
Атауы (қаз.)
«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
711
Қабылданған күні
12.12.2022
Көрсетілген редакция
12.12.2022 175624_609977.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031161
ЭКБ идентификаторы
175624
Редакция идентификаторы
175624_609977
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:05

0

«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісіне қатысатын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Техникалық қарап тексеру операторларына:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдары), шетелдік жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен (шетелде тіркелген автокөлік құралдары) келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптар бұзыла отырып, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ, сонымен қатар автокөлік құралдарының қауіпсіздігі саласындағы талаптарын бұзып қайта жабдықталған көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге;
2) Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделмеген негіздер бойынша міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тартады;
3) мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу шарттарын өзгертуiне.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңдарына сәйкес бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеру техникалық қарап-тексеру орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:
1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, жасы 7 жылдан асатын, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санаттағы, N1-3, O1-4, L1-7, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталғандарды қоспағанда арнайы және мамандандырылған көлік құралдары;
2) әрбір алты ай сайын – автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын М1 санаттағы, адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған М2, М3, N, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған M1, N1-3, и O1-4 санаттағы.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы