Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 333 «Об утверждении Правил государственной регистрации (перерегистрации) подвижного состава и его залога, а также исключения из Государственного реестра подвижного состава»

Бұйрық · № 29 · қабылданған 26.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-333-ekb-152616/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 333 «Об утверждении Правил государственной регистрации (перерегистрации) подвижного состава и его залога, а также исключения из Государственного реестра подвижного состава» Қолданыста Бұйрық ·№ 29 ·26.01.2021
26.01.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 333 «Об утверждении Правил государственной регистрации (перерегистрации) подвижного состава и его залога, а также исключения из Государственного реестра подвижного состава»

Қолданыста Бұйрық ·№ 29 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 333 «Об утверждении Правил государственной регистрации (перерегистрации) подвижного состава и его залога, а также исключения из Государственного реестра подвижного состава»
Атауы (қаз.)
«Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29
Қабылданған күні
26.01.2021
Көрсетілген редакция
26.01.2021 152616_509068.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022147
ЭКБ идентификаторы
152616
Редакция идентификаторы
152616_509068
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:44

0

«Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында:
10-тармағының 5-бөлімі мынадай редакцияда жасылсын:
«Тіркеуші органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кепілі) болып табылады, оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш береді.
Кепілдің мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ кепілдің өзге де мәліметтерді қамтитын кепілдің мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кепілдің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, кепілдің мемлекеттік қызметін көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті тіркеу органының қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тіркеуші органның кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және кепілдің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тіркеуші органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.»;
23-тармағының 2-бөлімі мынадай редакцияда жасылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеуші органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
25. «Көрсетілетін қызметті алушы тіркелген кепілге өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу және оны тоқтату үшін осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес өтінішті портал арқылы жібереді.»;
30-тармағының 2-бөлімі мынадай редакцияда жасылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2 тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2020 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновацияларжәне
аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігі

1 Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 26 қаңтардағы № 29
бұйрығына 1-қосымша
Жылжымалықұрамдыжәне
оныңкепілінмемлекеттіктірк
еу(қайтатіркеу), сондай-
ақМемлекеттікжылжымалықұрам
тізіліміненалыптастау
қағидаларына
8-қосымша
Жылжымалықұрамкепілінмемлекеттіктіркеумемлекеттіккөрсетілетінқызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
ҚазақстанРеспубликасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
1) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Кепілді тіркеу, өзгерті, толықтыру жәнетоқтатукезінде:
1) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы – 1 (бір) жұмыскүні.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу, жылжымалы құрамның тіркелген кепілін өзгерту, толықтыру және тоқтату үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (СалықКодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша тіркеуді жүзеге асыруорны бойынша жергілікті бюджетке төленеді және:жеке тұлғалар үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);заңды тұлғалар үшін-5 (бес) АЕК.
«Алым сомасын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қолмақол емес нысанда жүзеге асырылады.»
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.miid.gov.kz интернет-ресурсында Көлік комитеті бөлімінің «Мемлекеттік
органның қызметтері» бөлігінде орналастырылған.
7
Жұмыс кестесі
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу үшін:
1) порталға:осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Өтінішті портал арқылы жіберген кезде жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төлеу «электронды қүкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Тіркелген кепілді өзгерту, толықтыру және тоқтату үшін:портал арқылы өтініш.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) кепілді тіркеу туралы өтінішпен қатысы жоқ адам жүгінсе.
10
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда жән еМемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

Қолданыстағы