Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 334 «Об утверждении Правил безопасности на железнодорожном транспорте»

Бұйрық · № 375 · қабылданған 22.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-334-ekb-115398/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 334 «Об утверждении Правил безопасности на железнодорожном транспорте» Қолданыста Бұйрық ·№ 375 ·22.06.2017
22.06.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 334 «Об утверждении Правил безопасности на железнодорожном транспорте»

Қолданыста Бұйрық ·№ 375 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 334 «Об утверждении Правил безопасности на железнодорожном транспорте»
Атауы (қаз.)
«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
375
Қабылданған күні
22.06.2017
Көрсетілген редакция
22.06.2017 115398_244367.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015560
ЭКБ идентификаторы
115398
Редакция идентификаторы
115398_244367
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:42

0 «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11602 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында:
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері магистральдық, станциялық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды.
Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпаратты оқиға болған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей телефон немесе факсимильдік байланыс арқылы береді. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі.»;
осы бұйрыққа қосымшаларға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 20 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 13 шілде

10 Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 375 бұйрығына
қосымша
Теміржол көлігіндегі
қауіпсіздік қағидаларына
6-қосымша
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат

р/с
Кү­ні (кү­ні, айы, жы­лы), уа­қы­ты
Жол бө­лім­ше­сі­нің ата­уы, оқи­ға ор­ны (те­лім, стан­ция, ара­лық, ша­қы­рым, пи­кет), қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі­нің бұ­зу­шы­лы­ғы орын ал­ған аумақ­та­ғы кә­сі­по­рын ата­уы
Қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гін бұ­зу­шы­лық жағ­дайы бой­ын­ша ег­жей-тег­жей­лі ақ­па­рат (қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­дік жағ­дай­ы­ның мән-жайы, за­рдап шек­кен­дер және құр­бан­дар, қор­ша­ған ор­та­ны ла­стау ту­ра­лы, жол­дың жо­ғар­ғы құ­ры­лы­сы, жы­л­жы­ма­лы құ­рам , жа­сан­ды құ­ры­лы­стар және т.б. за­қым­дал­ған ту­ра­лы мә­лі­мет)
За­уыт, ин­вен­тар­лы нө­мі­рін және мен­шік ие­сін көр­се­ту­мен за­қым­дал­ған жы­л­жы­ма­лы құ­рам ті­зі­мі
Қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі бұ­зу­шы­лы­ғы­ның тү­рі
Жол те­лі­мі­нің тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы
Ке­шік­ті­рі­л­ген жо­ла­у­шы­лар, жүк по­ез­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет (са­ны, пой­ыз нө­мі­рі және кі­дір­ген уа­қы­ты)
Қал­пы­на кел­ті­ру жұ­мысын жүр­гі­зу ту­ра­лы мә­лі­мет
Қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі бұ­зу­шы­лы­ғы­ның се­бе­бі және кінә­лі кә­сі­по­рын
Оқи­ға ор­ны­на шық­қан адам (ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да))
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
________________________________________ / __________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы

Қолданыстағы