О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 342 «Об утверждении допустимых параметров автотранспортных средств, предназначенных для передвижения по автомобильным дорогам Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 342 «Об утверждении допустимых параметров автотранспортных средств, предназначенных для передвижения по автомобильным дорогам Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 24.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2022 165591_565653.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027221
- ЭКБ идентификаторы
- 165591
- Редакция идентификаторы
- 165591_565653
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:58
0 «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік параметрлері мен басқа да сызықтық өлшемдері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
1) жол берілетін ұзындығы:
жеке автокөлік құралдары:
М1, N және О (тіркеме) санатты 12,0;
М2 және М3 санаты 13,5;
біліктері екіден көп М2 және М3 санатты 15,0;
тіркемесі бар М2 және М3 санаты 18,75;
М2 және М3 санатты буындастырылған автобустар 18,75;
құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар 20,0;
2) жол берілетін ені:
барлық автокөлік құралдары 2,55;
автокөлік құралдарының изотермиялық шанақтары 2,6;
3) жол берілетін биіктігі:
барлық автокөлік құралдары 4,0.»;
4-тармақ алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтары төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
1) дара автокөлік құралдары:
М, N және О (тіркеме) санатты:
екі білікті 18,0;
үш білікті (М3 санатты буындастырылған автобустарды қоспағанда) 25,0;
үш білікті дара автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда жүктемені 1 тоннаға асыруға жол беріледі;
М3 санатты буындастырылған автобустар 28,0;
төрт білікті, оның ішінде екі басқару білігі бар 32,0;
бес білікті 38,0;
алты және одан да астам білігі бар 44,0;
2) құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар:
үш білікті 28,0;
төрт білікті 36,0;
бес білікті 40,0;
алты білікті 44,0;
алты біліктен жоғары дара автокөлік құралдарына жол берілетін салмақтарының қосындысынан аспауы тиіс.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі