О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, за исключением городов республиканского значения, столицы» и приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 «Об утверждении Правил перевозок грузов автомобильным транспортом»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, за исключением городов республиканского значения, столицы» и приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 «Об утверждении Правил перевозок грузов автомобильным транспортом»
- Атауы (қаз.)
- «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына және «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 15.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2026 I230086_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039891
- ЭКБ идентификаторы
- 230086
- Редакция идентификаторы
- I230086_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 19.09.2026 03:40
0
«Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына және «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) спутниктік навигация аппаратурасы – автокөлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары арқылы оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;».
2. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Жол парақтарын және тауар-көлік жүкқұжаттарын тасымалдаушы қағаз тасығышта немесе ауысым (рейс) басталғанға дейін ауысымға (рейске) электрондық-цифрлық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау кезіндегі CMR және жолдама парағын, тауар-көлік жүкқұжатын толтыруға арналған мәліметтерді енгізе отырып, әрбір жүк автокөлік құралына жеке ресімдейді. Бұл ретте тауар-көлік жүкқұжатындағы жекелеген деректерді жүк жөнелтуші (жүк алушы) де толтырады.»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Жолдама парақтарды және тауар-көлік жүкқұжаттарды Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтау «Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын, көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 25 мамырдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22893 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
0 Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау кезіндегі CMR және тауар-көлік жүкқұжатын, жолдама парағын толтыруға арналған мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы 2026 жылғы
15 қыркүйектегі
№ 246 Бұйрығына
қосымша
Автомобиль көлігімен
жүктерді тасымалдау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау кезіндегі CMR және тауар-көлік жүкқұжатын, жолдама парағын толтыруға арналған мәліметтер
1
Жолдама парағының нөмірі
2
Жолдама парағын ресімдеу күні
3
Тасымалдаушының атауы (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке сәйкестендiру нөмiрі, мекенжайы, телефоны)
4
Жүргізушінің (жүргізушілердің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
5
Ағымдағы кезеңге міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралының (тіркеменің немесе жартылай тіркеменің, бар болса) маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
6
Автокөлік құралының техникалық сипаттамасы: рұқсат етілетін ең жоғары массасы (тонна), ені (метр), биіктігі (метр) және ұзындығы (метр).
7
Автокөлік құралының бастапқы, аралық және соңғы пункттері көрсетілген қозғалыс маршруты
8
Жүргізушіні (жүргізушілерді) медициналық куәландыру)
9
Бастапқы пункттен шығу орны (мекенжайы) және уақыты автокөлік құралы
10
Тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі, CMR
11
Тауар-көлік жүкқұжатын ресімдеу күні, CMR
12
Жүк жөнелтушінің атауы (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке сәйкестендiру нөмiрі, мекенжайы, телефоны)
13
Жүктің атауын (түрін) (мекенжайын, тиеу орнын) жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) толтырады
14
Тиелген жүктің массасын (тоннасын), енін (метрін), биіктігін (метрін), ұзындығын (метрін) және санын (данасын) жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) толтырады
15
Жүктің атауын (түрін) және қауіптілік сыныбын жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) қауіпті жүкті тасымалдау кезінде толтырады
16
Мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын қауіпті жүкті, бөлінбейтін жүктерді немесе сұйық жүктерді тасымалдау кезінде рұқсат беру құжатының нөмірі мен түрі, беру мерзімі және аяқталу мерзімі
17
Отандық рұқсат нөмірі / шетелдік рұқсат нөмірі
18
Автокөлік құралының келу және кету уақытын жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) толтырады
19
Автокөлік құралының келу және кету уақытын жүк алушы (жүк алушылар) толтырады
20
Автокөлік құралының соңғы пунктіне келу уақыты мен күні, жолдама парағының қолданылуын аяқтау
21
Автокөлік құралының тасымалдаушының өндірістік базасына келу және кету уақыты мен күні
22
Рейс бастауға дейін және рейсті аяқтаған кезде одометрдің көрсеткіштері
23
Автокөлік құралында қолданылатын отынның маркасы
24
Рейстің ұзақтығы (км)
25
Автокөлік құралының жүрісі (км)
26
Рейстің саны
27
Автокөлік құралының отын шығыны (литр)
28
Өлшеу актісі / таразыға тарту актісі
29
Жарияланған құны бар жүк
30
Тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес жүктің сәйкестендіру коды