Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом»

Бұйрық · № 514 · қабылданған 16.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-349-ekb-133518/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом» Қолданыста Бұйрық ·№ 514 ·16.07.2019
16.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом»

Қолданыста Бұйрық ·№ 514 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом»
Атауы (қаз.)
«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
514
Қабылданған күні
16.07.2019
Көрсетілген редакция
16.07.2019 133518_415924.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019080
ЭКБ идентификаторы
133518
Редакция идентификаторы
133518_415924
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:08

0 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы

№ 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелікететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет;
3) багаж түбіртегі – багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат;
4) багажды автомобиль – жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында жолаушылардың багаждарын (жүктерін) тасымалдауға арналған жүк автомобилі;
5) борт журналы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмiрленген және тiгiлген, тасымалдаушының мөрімен бекiтiлген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлiк құралында болатын журнал, оған автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткенi туралы белгiлер қойылады;
6) диспетчерлік жүйе – келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
7) диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыру және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар;
8) жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi (аялдау пунктi) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсiру мақсатында автокөлiк құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесi;
9) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;
10) қауiптi учаскелер – автомобиль жолдарының жүрiп өткенде жол-көлiк оқиғасы болуының жоғары қаупi туындайтын немесе қозғалыс режимiнiң елеулi өзгерiстерiне байланысты учаскелері;
11) қозғалыс кестесi – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбiр аялдама пунктi бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);
12) қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;
13) маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгiленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттерi арасында белгiленген жүретiн жолы;
14) маршрут схемасы – аялдау пункттерi, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, темiржол өтпелерi, көпiрлер және тоннельдер) көрсетiлген маршруттың графикалық шартты бейнеленуi;
15) механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;
16) рейс – маршруттың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне дейiнгi автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;
17) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары бойынша оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;»;
18) такси тасымалы – жеңіл автомобилмен жолаушылар және багажды ақылы немесе жалдау бойынша тасымалдау қызметі;
19) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
20) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы қолжетімділік берілетін бағдарламалық өнім;
21) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;
22) техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қалалық (ауылдық) – елді мекеннің белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау;
2) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
3) ауданішілік – бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;
4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) – бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалалармен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;
5) облысаралық қалааралық – әртүрлі облыстардағы елді мекендердің арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастағы автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау лицензиарға берілген лицензияға қосымшада көрсетілген автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда, лицензияға қосымша қайта ресімдеуге жатады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
33-бабының 3-8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Тұрақты емес тасымалдау жеке және заңды тұлғалардың бiр жолғы тапсырысы (өтiнiмi) бойынша жүзеге асырылады. Мұндай тасымалдауға: туристiк, экскурсиялық, iс-шараларға қызмет көрсету жатады.
Бiр жолғы тасымалдау белгiлі бір кезең ішінде шарттық негiзде жүзеге асырылуы мүмкiн.»;
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2 және 8-3-тармақтарымен толықтырылсын:
«8-1. Шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бір жасқа толған, «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы және кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргiзушiлер жiберiледi.
«8-2. Жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындар он алтыдан астам болатын автобустармен және троллейбустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде үш жыл «D1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргiзушiлер жiберiледi.
8-3. Жалпы пайдаланудағы көлiк мүгедек жолаушылардың мiнiп-түсуiне арналған құрылғылармен жабдықталады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Екі және одан да көп тасымалдаушылармен жаңа халықаралық маршруттарды ашуға бір уақытта өтінім беру кезінде, автобустың қозғалыс кестесінің айырмашылығы бойынша бастапқы және аралық пункттері ұзақтығы 250 км дейін 15 минуттан аз және 250 км асатын 1 сағаттан аз уақытты құраса, басымдылық осы қатынас түрінде көп тәжірибесі бар тасымалдаушыға беріледі.»;
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында өлшемi 60х40х20 см дейiнгi және салмағы 20 кг аспайтын қол жүгiн, сондай-ақ қабы бар бiр жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын (автобустарда ғана) өзiмен бiрге тегiн алып жүруге рұқсат етiледi.
34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетiлген көлем және салмақ өлшемдерінен асатын қол жүгi багажға жатады және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалдануға тиіс.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемiн жолаушы Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы сатуды қоса алғанда, қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргiзушiге) беру немесе жүру үшiн электрондық төлеу жүйесi арқылы жасайды.»;
45 және 45-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Қалалық (ауылдық) және қала маңын қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушы маршруттың бастапқы пунктiнен сапарды жүзеге асыру кезiнде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына, оның ішінде Интернет жүйесін қоса алғанда, электрондық сату арқылы немесе маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде кондукторға (жүргiзушiге) тарифке сәйкес төлейдi.
45-1. Тасымалдаушылар электрондық диспетчерлеу жүйесін және электрондық төлеу жүйесін ұстау және қолдану талабын сақтауға тиіс.»;
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, Қазақстан Республикасы облыстарының шет мемлекетке шығу немесе шет мемлекеттен кіру жүзеге асырылатын елді мекендері арасында отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тасымалдауын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 90-1-тармақпен толықтырылсын:
«90-1. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен жолаушыларды, жүктерді тасымалдау жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет жүзеге асырылмайды.»;
162-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан, жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндiрiстiк-техникалық базаның (меншiктi, жалға алынған немесе шарт бойынша қызмет көрсететiн) болуы;»;
170-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі талаптарына сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажеттi жұмыстар кешенiн өткiзу мүмкiндiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн, оның iшiнде елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан өнеркәсiптiк-техникалық базаға құқық белгілейтін және құқықтық куәландыратын құжаттар, профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесін қоса бере отырып, медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшiрмелерін;»;
мынадай мазмұндағы 204-1-тармақпен толықтырылсын:
«204-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес сапарды жүзеге асыру кезiнде:
1) жол жүру құжаттарына қандай да болмасын түзетулер енгiзуге;
2) автобустың, шағын автобустың салонында багаж алып жүруге;
3) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
4) жүргiзушiнi әңгiмемен алаңдатуға, сондай-ақ автобустың қозғалысы кезiнде салон iшiнде жүруге;
5) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, уытты және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және дәрiмен атылатын iлеспе құжаттары жоқ қаруды, сондай-ақ жолаушыларға не автобус салонының жабдығына немесе жарағына залал (ластау немесе зақымдау) келтiруi мүмкiн заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берiлмейдi.»;
10 - тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi»;
207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«207. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен тасымалдаудың жүйелiк сипаты бар және азаматтарды жұмыс, оқу орындарына жеткiзу мақсатында, сондай-ақ туристiк және экскурсиялық тасымалдауды жүзеге асыру үшiн жүзеге асырылады.»;
211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«211. Қызметті көрсетуді бастағанға дейін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10194 болып тіркелген) аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органына такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама береді.
Таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қызметті хабарландыру тәртiбiнiң талаптарын сақтамай жүзеге асыруға жол берілмейді.
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді.
Таксимен тасымалдаушы тізілімнен шығару өтініш берушінің өтініші, соттың қызметіне тыйым салу туралы шешімі немесе такси тасымалдаушысымен осы Қағидаларда көзделген талаптарды орындамауы бойынша жүргізеді.»;
214-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«214. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы:
1) жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін түсі біркелкі және осы Қағидалардың 341-тармағына сәйкес айырым белгiлерi бар таксилердi пайдалануды;
2) автокөлiк құралдарының рейс алдында техникалық қарап тексеруден, такси жүргiзушiлерінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өтуін;
3) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды;
4) жолаушының такси көрсететін қызмет құны (бағасы) туралы хабардар болуын;
5) отыз және одан да көп такси болған кезде әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін ыңғайластырылған кем дегенде бір таксиінің болуын;
6) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды;
7) жол құжаттарын ресімдеуге қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 214-1-тармақпен толықтырылсын:
«214-1. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының:
1) такси тұрағы, жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн арнайы жабдықталған такси тұрақтарын пайдалануға;
2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуды және түсiруді жүргізуге;
3) ақпараттық-диспетчерлік қызметтің немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызмет көрсету жөніндегі шарттың болуын қамтамасыз етуге;
4) автокөлiк құралын таксометрмен жабдықтауға;
5) жергілікті атқарушы органдарға арнайы жабдықталған такси тұрақтарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар беруге құқығы бар.»;
324-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты маршруттарында қолданылатын автобустар мен шағын автобустар тасымалдауды ұйымдастырушыға нақты уақыт режимінде ақпарат беретін спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықталады.»;
342-тармақ алып тасталсын;
343-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«343. Таксидiң салонында жолаушылар көретіндей жерде жүргiзушiнiң фотосуретi бар, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болған жағдайда) көрсетiлген визит карточкасы, тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы және телефон нөмірі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.»;
394 және 395-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«394. Аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2-санатты стационарлық сауда объектілерінде, сауда базарларында, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етеді.
395. Такси тұрақтары басқа автомобильдердiң тұрақтарынан арнайы шектеу сызықтарымен немесе қоршаумен бөлiнедi және жергiлiктi атқарушы органдардың ӘПК-мен келiсiмi бойынша «Жеңіл такси тұрағының орны» 5-14 жол белгiсімен белгiленедi.»;
399-тармақ алып тасталсын;
401-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«401. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген, оның ішінде таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы арқылы жасалған автокөлік құралын экипажымен қоса жалға алу шарты бойынша таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады және таксимен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде таксимен тасымалдаушы осы Қағидалардың 214-тармақтың 3) және 6) тармақшаларының талаптарын орындаған жағдайда, өз қызметтерін көрсетеді.
Таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде орналастырылады.»;
402-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«402. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құрған ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі клиенттерінің тапсырысының және оларды такси жүргізушісіне берудің есебін қағаз немесе электрондық нысанда жүргізеді.»;
8-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндiрiстiк-техникалық базаның (меншiктi, жалға алынған немесе қызмет көрсету шарт бойынша жүргiзiлетiн болады), оның iшiнде техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу кешендерi бар өндiрiстiк корпустардың, қойма үй-жайларының, автотұрақтардың, жинау-жуу кешендерінің, бақылау-техникалық пункттерінiң, әкiмшiлiк ғимараттардың және тұрмыстық корпустардың болуы туралы мәлiметтер.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
2019 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2019 жылғы «___» _________

Қолданыстағы