О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом»
- Атауы (қаз.)
- «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 694
- Қабылданған күні
- 30.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2020 151261_506563.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000022024
- ЭКБ идентификаторы
- 151261
- Редакция идентификаторы
- 151261_506563
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:10
0 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет;
3) багаж түбіртегі – багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат;
4) багажды автомобиль – жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында жолаушылардың багаждарын (жүктерін) тасымалдауға арналған жүк автомобилі;
5) борт журналы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген және тігілген, тасымалдаушының мөрімен бекітілген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралында болатын журнал, оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткені туралы белгілер қойылады;
6) диспетчерлік жүйе – келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
7) диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыру және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар;
8) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері (аялдау пункті) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесі;
9) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;
10) қауіпті учаскелер – автомобиль жолдарының жүріп өткенде жол-көлік оқиғасы болуының жоғары қаупі туындайтын немесе қозғалыс режимінің елеулі өзгерістеріне байланысты учаскелері;
11) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);
12) қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;
13) маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында белгіленген жүретін жолы;
14) маршрут схемасы – аялдау пункттері, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнеленуі;
15) механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;
16) рейс – маршруттың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейінгі автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;
17) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары бойынша оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;
18) такси тасымалы – жеке кәсіпкердің немесе меншік құқығында немесе басқа заңды негіздерде автомобильге иелік ететін заңды тұлғаның жолаушылар мен багажды ақылы немесе жалға тасымалдау үшін көрсететін қызметі;
19) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
20) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы қолжетімділік берілетін бағдарламалық өнім;
21) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;
22) техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы;
23) үшінші жақ - жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісім жасасқан тасымалдаушыны, ал жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық автомобильмен тасымалдау кезінде маршрутқа қызмет көрсетуге рұқсат алған тұлғаны қоспағандағы тұлға.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының ашылу және жабылу тәртібі»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Жергілікті атқарушы органдар трафиктің көлемін зерттеу үшін жаңа қалалық, қала маңындағы, ауданішілік және ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар ашқан кезде тұрақты маршруттардың сәйкес типінде қызмет көрсететін тасымалдаушыны анықтайды, бұл маршрут екі ай бойы қызмет етеді.
Зерделеу нәтижесi бойынша 10 жұмыс күн ішінде маршрутты ашу немесе ашпай туралы шешiм қабылданады.
Ашылған жағдайда осы Қағидаға 154-тармаққа сәйкес мерзiмде, осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына тиiстi конкурс өткiзу туралы жұмыс жүргізіледі.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Кезектен тыс алдыңғы есiк арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлер және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері пайдаланады.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында:
1) «Тұрақты және тұрақты емес жолаушылар тасымалы үшін автокөлік қызметі» ҚР СТ 2273-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес автобустарда тұратын және отыратын орындар, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;
2) шағын автобустарда тұратын және отыратын орындар оның паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемін жолаушы Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы сатуды қоса алғанда, қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) беру немесе жүру үшін электрондық төлеу жүйесі арқылы жасайды.»;
42-1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42-1. Жол жүру үшін электрондық төлеу жүйесі пайдаланылатын жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін тұрақты маршруттар бойынша жол жүруді тіркеу жолаушымен жол жүру үшін төлемнің жасалғаны туралы қағаз жол жүру құжатын (билетін) берусіз немесе электрондық төлем жүйесі, оның ішінде интернет және құрылғылар арқылы, жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының санау құрылғысының жұмыс бетіне электрондық жол жүру құжатын тақау жолымен жүзеге асырылады.»;
53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен маршрут желiсi бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушылар легін талдау, шалғай ауылдық елдi мекендердiң тұрғындарына көлiк жеңiлдiгiн қамтамасыз ету негiзiнде, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша жасалады.
54. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдаудың маршруттық желiлерiн салу мынадай қағидаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
1) халықтың тасымалдауға мұқтаждығын қамтамасыз ету;
2) маршруттың жүру жолындағы барлық жақын жатқан елдi мекендердi қамтудың барынша мүмкiндiгi;
3) тасымалдаудың сапасы мен қауiпсiздiгiн арттыру, сондай-ақ экологиялық зиянды қалдықтардың мөлшерiн төмендету мақсатында маршруттарда жұмыс iстеу үшiн автобустардың, шағын автобустардың оңтайлы саны мен үлгiсiн (класын) пайдалану.»;
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«92. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органнан маршрут бойынша растаған қозғалыс схемалары мен маршрут бойынша қозғалыс кестелерiн, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтердi, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсатты (бұдан әрі - Рұқсат) (бұдан әрi - халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшiн, сондай-ақ олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға тігілген, нөмірленген және өтініш берушінің жауапты тұлғасы қол қойған, сондай-ақ осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда мөрмен (болған жағдайда) расталған жеке папкаға ресiмделген мына құжаттарды:
1) тасымалдаушымен бiрлескен қызмет туралы шартты халықаралық қатыста жолаушыларды автобустармен, микраавтобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензиясы және шетелдiк тасымалдаушымен лицензияға қосымшасы бар;
2) автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру сақтандыру полисiнiң немесе шарттарының көшiрмесiн;
3) жалға алынған автокөлік, жалға алынған автокөлік құралдары шарттарының көшірмелері кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктер көшiрмелерi қоса берiлген, ағымдағы кезеңге міндетті техникалық байқаудан өткен маршрутта пайдаланылуы көзделетiн жылжымалы құрам туралы мәлiметтердi (автобустардың саны және үлгiсi (класы) негізгі және резервке бөлумен;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өндірістік-техникалық базаға (жеке немесе жалға алған) құжаттардың көшірмелерін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) (бұдан әрі- – Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидалары)) және профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға медициналық ұйыммен немесе медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;
5) маршрут бойынша автобустардың орны және жөнелтiлу, келу және тұру уақыттары, сондай-ақ барлық аялдама пункттерi мен мемлекеттердiң шекаралары арқылы өткiзу пункттерi, автобустар қозғалысының жылдамдық режимі бойынша қашықтықтар көрсетiлген қозғалыс кестелерiн;
6) автовокзалдар мекенжайын, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ автомобильдерді мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнің атаулары көрсетiлген маршрут схемасын;
7) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген тарифтің көрсеткішімен осы маршрутқа қызмет көрсететiн тасымалдаушылар тiркелген мемлекеттердiң ұлттық валютасындағы халықаралық тұрақты маршруттың аялдама пункттерi бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауға ұсынылатын тарифтердi.
Осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тұрақты маршрутқа қызмет көрсету туралы шарт жасасқан қазақстандық және шетелдік тасымалдаушылар қол қойған және олардың мөрлермен (болған жағдайда) расталған құжаттар төрт данада ұсынылады.
Маршрут бойынша қозғалыс схемасы және қозғалыс кестесі, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифтерді автомобиль көлігі саласында уәкілетті органың жауапты тұлғасының қолымен және мөрімен (рамка қалыңдығы 1миллиметрлі төртбұрыш формалы мөр, жоғары бөлігінде автомобиль көлігі саласында уәкілетті орган атауы, ортасында «Автобус бағыты бойынша қозғалысқа рұқсат берілді» деген сөз бар және астында растау мерзімі және «_________қолы» ) растайды.»;
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган өтiнiм тiркелген күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде, осы Қағидалардың 92-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, аумағы бойынша маршрут өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдарына, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 92-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып маршрут ашуға рұқсат алу туралы өтiнiштi жiбередi.»;
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«96. Осы Қағидалардың 92-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесi бiр данада автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органда тiзiлiм жүргiзу үшiн қалдырылады.»;
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«100. Автобустардың қозғалыс кестесіне қосымша өзгерістерді енгізгенде және келіскенде осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 92-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып еркін нысандағы өтінімді ұсынады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жүргiзушiлердi рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртiбi»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жол жүру құжаттарының (билеттердiң) және багаж түбiртектерiнiң нысаны, сатылу тәртiбi, сондай-ақ жол жүру құжаттарын (билеттерді) алдын ала және электронды сатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) және олардың құнын қайтару, сондай-ақ қолданылу мерзімі тәртiбi мен шарттары»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Багажды қабылдау, сақтау және беру тәртiбi»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi»;
158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«158. Комиссия бес адамнан тұрады: төраға және комиссияның мүшелері.»;
162-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан, жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның (меншікті, жалға алынған немесе шарт бойынша қызмет көрсететін) болуы;»;
165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«165. Осы Қағидалардың 10-қосымшасындағы нысанға сәйкес жергiлiктi атқарушы орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет ресурстарында Конкурс өткiзiлгенге дейiн күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей:
жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қаламаңы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына тиісті облыстардың және республикалық маңыз бар қалалардың және астананың аумағына тарайтын;
жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық (республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына Қазақстан Республикасының барлық аумағына тарайтын баспасы басылымдары арқылы конкурсты өткiзу туралы хабарландыру жариялайды.»;
172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«172. Өтiнiмдердi қабылдау осы Қағидалардың 170-тармағында көзделген өтінімге тіркелген қосымша толық құжаттар пакеті болған кезде жүргiзiледi. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 170-тармағына сәйкес келмеген кезде комиссия хатшысы беру күні мен уақытынан бастап 7 жұмыс сағатының ішінде сәйкессіздіктерді көрсете отырып, құжаттарды берген тұлғаны жазбаша хабарландырады.»;
176-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартының 8-тармағында көрсетілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 болып тіркелген) (бұдан әрі - Шарт) шарттың елеулі шарттарын орындамау себебі бойынша тасымалдаушы соңғы алты ай ішінде осы маршрут бойынша мерзімнен бұрын шарттарды бұзса.»;
183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«183. Жекелеген лоттар бойынша Конкурс нәтижелерiн сот жарамсыз деп таныған жағдайда, сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей, Комиссия отырысы соттың күшін жойған лоттар бойынша бұрын берілген өтінімдер шеңберінде ғана өткізіледі.
Комиссия отырысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия барлық мүшелері қол қояды және оны Төраға бекітеді.
Егер комиссия мүшелерінің ерекше пікірі болса, ол жазбаша турде баяндалып, хаттамаға қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 183-1-тармақпен толықтырылсын:
«183-1. Егер Байқау жарамсыз деп танылса, қайталама Конкурс оны таныған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Маршрутқа қызмет көрсету құқығына куәлiк беру, тоқтата тұру және керi қайтарып алу тәртiбi мен шарттары, оны беруден бас тарту шарттары мен негiздерi, сондай-ақ нысаны»;
195-тармақ алып тасталсын;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi»;
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі»;
11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Жолаушыларды және багажды таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi»;
12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-тарау. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау»;
276-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер қозғалыс режимi жүргiзушiнiң 12 сағаттан асатын жұмыс уақытының ұзақтығын көздесе, рейске екi жүргiзушi жiберiледi.»;
13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-тарау. Автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың санитариялық жай-күйiне, сыртқы безендiрiлуiне және жабдықталуына қойылатын талаптар»;
326-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«326. Маршруттың ұзақтығы 500 км асатын болса, оған бөлек орын ұсынумен автобус салонында ауыстырушы жүргізушінің болуы қажет.»;
329-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«329. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда, троллейбустарда мыналар болуы тиiс:
1) ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
2) жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
3) берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
5) тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.
Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс;
6) шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары;
7) жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.»;
14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«14-тарау. Автовокзалдарға, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тәртібі»;
15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-тарау. Халықаралық және республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн, сондай-ақ таксимен тасымалдау кезiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн безендiру мен күтiп-ұстауға қойылатын талаптар»;
16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-тарау. Ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтеріне қойылатын талаптар»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
1 Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 694
бұйрығына 1-қосымша
Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
№ _______ Жол парағы
20____ жылғы __________________
Жүргiзушi _________________
__________________
________________
Күнi
АКҚ маркасы және тiркеу нөмiрi
Шығу кезiнде спидометр көрсеткiшi
АКҚ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруден және жүргiзушiнiң рейс алдындағы және рейстен кейін медициналық куәландырудан өтуі туралы белгiлер
Маршрут бойынша қозғалыс жағдайлары
АКҚ қабылдадым (жүргiзушiнiң қолы)
Жүргiзушiнiң шығуына рұқсат бердiм (медициналық қызметкердiң қолы)
АКҚ-ның шығуына рұқсат бердiм (механиктiң қолы)
Жалғасы
Шығу уақыты
Қайтқан кездегi спидометр көрсеткiшi
Қайту уақыты
АКҚ тапсырдым (жүргiзушiнiң қолы)
Нақты
Кесте бойынша
Нақты
Кесте бойынша
Ескерту: жол парағы қағаз жүзінде немесе электрондық құжат түрінде ресімделеді.
2 Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
20___ жылғы«___» ________
№ ____бұйрығына
2-қосымша
Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
Р/с №
Көрсеткiш
Балдар саны
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесi
30% кем
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесi 30 %-дан
60%-ға дейiн
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесi 60% астам
1*
Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзiмi:
5 жылға дейiн
+4
+8
+10
5 жылдан 9 жылға дейiн
+3
+2
+1
9 жылдан 12 жылға дейiн
+2
+1
+0,5
12 жылдан артық
0
0
0
1.1
Пайдалану мерзiмi 3 жылға дейiнгi автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
+1 (әр бiрлiк үшiн)
1.2
Отандық өндiрiстегi автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
+5 (әр бiрлiк үшiн)
1.3
Дайындаушы зауытпен жұмысқа бейімделген табиғи газбен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде
(қосымша)
+5 (әр бiрлiк үшiн)
1.4
Жеке меншiктегi;
тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған автобустар, шағын автобустар болғанда
+1,5 (әр бiрлiк үшiн)
+1 (әр бiрлiк үшiн)
Тасымалдаушының автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдаудағы жұмыс өтілі (түрі бойынша конкурс өткізілу түрі бойынша):
2.
3 жылға дейiн
+1
3 жылдан 8 жылға дейiн
+3
8 жылдан астам
+5
Өндiрiстiк-техникалық базаның болуы
жеке
жалға алынған
шарт
негiзiнде қызмет көрсету
Өндiрiстiк корпус
ТҚК кешенi (аймақ, учаске)
+3
+0,7
+0,2
АЖ кешенi:
посттар
+3
+0,7
+0,2
өндiрiстiк учаскелер және цехтар
+3
+0,7
+0,2
Қойма үй-жайлары
+1
+0,5
+0,2
Автотұрақ, соның iшiнде:
3.
ашық
+1,5
+0,7
+0,3
жабық
+2,5
+1
+0,5
Жинастыру-жуу кешенi:
қолмен жуу;
+0,7
+0,5
+0,2
механикаландырылған жуу
+1
+0,7
+0,5
Бақылау-техникалық пунктi
+0,7
+0,2
+0,1
Әкiмшiлiк ғимарат (үй-жай)
+0,3
+0,1
0
Үй-жай немесе iшiнде медпункт бөлмесi
+0,5
+0,3
+0,2
Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар
+0,3
+0,1
0
4.
Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесi:
резервтi жылжымалы құрам жоқ, алмастыру iске асырылмайды;
-2
резервтi жылжымалы құрам бар
+2
Жолаушыларды тасымалдау жағдайын жақсартатын қосымша ұсыныстар:
жол үстiнде бейне сүйемелдеу мүмкiндiгi;
+0,5 (әр бiрлiк үшiн)
5.
кресло-арбамен қозғалатын мүгедектердi тасымалдауға өндірушіден ыңғайластырылған жылжымалы құрамның болуы;
+1 (әр бiрлiк үшiн)
тасымалдауды жүзеге асыруда автобуста нақты уақыт режимiнде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесiнiң болуы
+1 (әр бiрлiк үшiн)
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
Р/с №
Көрсеткiш
Балдар саны
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесi 30 % кем
Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесi 30 %-дан 60 %-ға дейiн
Ұсынылған
жылжымалы құрамдар үлесi 60 % астам
1*
Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзiмi:
5 жылға дейiн
+4
+8
5 жылдан 9 жылға дейiн
+3
+2
+1
9 жылдан 12 жылға дейiн
+2
+1
+0,5
12 жылдан астам
0
0
0
1.1
Пайдалану мерзiмi 3 жылға дейiнгi автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
+1 (әр бiрлiк үшiн)
1.2
Отандық өндiрiстегi автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
+5 (әр бiрлiк үшiн)
1.3
Дайындаушы зауытпен жұмысқа бейімделген табиғи газбен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
+5 (әр бiрлiк үшiн)
1.4
Жеке меншiктегi;
тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған автобустар, шағын автобустар болған кезде
+1,5 (әр бiрлiк үшiн)
+1 (әр бiрлiк үшiн)
2.
Тасымалдаушының автомобильмен жолаушылар мен багажды қалалық тұрақты тасымалдаудағы жұмыс өтілі:
3 жылға дейiн
+1
3 жылдан 8 жылға дейiн
+3
8 жылдан астам
+5
Өндiрiстiк-техникалық базаның болуы
жеке
жалға алынған
шарт
негiзiнде қызмет көрсету
Өндiрiстiк корпус:
3.
ТҚК кешенi (аймақ, учаске);
+3
+0,7
+0,2
АЖ кешенi:
посттар;
+3
+0,7
+0,2
өндiрiстiк учаскелер және цехтар
+3
+0,7
+0,2
Қойма үй-жайлары
+2
+0,3
+0,1
Автотұрақ, соның iшiнде:
ашық
+1,5
+0,7
+0,3
жабық
+2,5
+1
+0,5
Жинастыру-жуу кешенi:
қолмен жуу;
+0,7
+0,5
+0,2
механикаландырылған жуу
+1
+0,7
+0,5
Бақылау-техникалық пунктi
+0,7
+0,2
+0,1
Әкiмшiлiк ғимарат (үй-жай)
+0,3
+0,1
0
Үй-жай немесе соның iшiнде медпункт бөлмесi
+0,5
+0,3
+0,2
Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар
+0,3
+0,1
0
Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесi:
4.
резервтi жылжымалы құрам жоқ, алмастыру iске асырылмайды;
-2
резервтi жылжымалы құрам бар
+2
5.
Жолаушылар тасымалдарын жақсарту үшiн қосымша ұсыныстар: аялдамаларды хабарлау және жолаушыларды хабарландыру тәсiлi:
магниттiк жазба арқылы;
+1 (әр бiрлiк үшiн)
Автобустық дауыс зорайтқыш жабдық арқылы;
+0,7 (әр бiрлiк үшiн)
кондуктор немесе жүргiзушi хабарлайды;
+0,1 (әр бiрлiк үшiн)
Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектердi тасымалдауға өндірушіден ыңғайластырылған жылжымалы құрамның болуы
+1 (әр бiрлiк үшiн)
Тасымалдауды жүзеге асырған кезде автобуста (шағын автобуста) нақты уақыт режимiнде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесiнiң болуы
+1 (әр бiрлiк үшiн)
*Пайдалану мерзiмi бойынша әр автобус (шағын автобус) бағаланады (резервтi есептемегенде), балдар қосылып, автобустардың (шағын автобустардың) санына бөлiнедi, яғни орташа балл шығарылады.