Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"

Бұйрық · № 115 · қабылданған 28.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-349-ekb-99364/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" Қолданыста Бұйрық ·№ 115 ·28.01.2016
28.01.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"

Қолданыста Бұйрық ·№ 115 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"
Атауы (қаз.)
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
115
Қабылданған күні
28.01.2016
Көрсетілген редакция
28.01.2016 99364_67767.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013557
ЭКБ идентификаторы
99364
Редакция идентификаторы
99364_67767
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:45

0 «Автомобиль көлігімен

жолаушылар мен багажды тасымалдау
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы № 349
бұйрығына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 11550 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
2015 жылғы 15 шілдеде, «Казахстанская правда» газетінде 2015 жылғы
8 тамызда № 150 (28026) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарымен жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша қозғалыс кестесi оң келiсiлген кезде маршрут бойынша деректер осы Қағидалардың
21-тармағына сәйкес тиiстi тiзiлiмге енгiзiледi.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетiлген өлшемдерден асатын қол жүгiн автобустардың топталу алаңшаларында ғана және қолданылып
жүрген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. Багаж автомобилiмен тасымалдауға қабылданған багаждың жоғалуын, жетiспеуiн және зақымдануын (бүлiнуiн) анықтау, тасымалдаушының залалды өтеу тәртiбi мен өлшемдерi осы Қағидалардың
67-70-тармақтарына сәйкес белгiленедi.»;
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган өтiнiм тiркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде, осы Қағидалардың 92-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, аумағы бойынша маршрут өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдарына, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 92-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып маршрут ашуға рұқсат алу туралы өтiнiштi жiбередi.»;
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«96. Осы Қағидалардың 92-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесi бiр данада автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органда тiзiлiм жүргiзу үшiн қалдырылады.»;
101-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидалардың 92-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлген құжаттар толық көлемде емес немесе жалған мәлiметтер болса, егер
93-тармаққа сәйкес маршрутты ұзарту жағдайда;»;
104-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi осы Қағидаларға сәйкес жасасатын шарттардың көшiрмелерiн осы Қағидалардың 97-тармағында белгiленген мерзiмде ұсынбаған;»;
104-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) егер маршрутта жолаушылар тасымалдауды тасымалдаушы рұқсат құжаттарының қолданылу кезеңiнде күнтiзбелiк 15 күн бойы орындамаған жағдайда тоқтатылады.»;
130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«130. Осы Қағидалардың 122-129-тармақтарының шартын орындамаған немесе бұзған жағдайда жол жүру құнын өтеу бойынша даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.»;
169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«169. Конкурсқа қатысушылар үшiн дайындалған конкурстық
құжаттама жиынтығының осы Қағидалардың 160-тармағының 1) және
4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттары жергiлiктi атқарушы органның мөрiмен расталады.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу Конкурс туралы хабарландыру жарияланған күнінен басталады және оның басталуына дейін он жұмыс күн ерте аяқталады.»;
172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«172. Өтiнiмдердi қабылдау осы Қағидалардың 170-тармағында көзделген барлық құжаттар болған кезде жүргiзiледi. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 170-тармағына сәйкес келмеген кезде комиссия хатшысы беру күні мен уақытынан бастап 5 жұмыс сағатының ішінде сәйкессіздіктерді көрсете отырып, құжаттарды берген тұлғаға жазбаша хабарлама береді.»;
176-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 170-тармағына сәйкес келмеуі немесе толық еместігі;»;
194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«194. Осы Қағидалардың 191-тармағында көрсетілген мерзімдерде тасымалдаушы айқындалмаған жағдайда, маршрутты ұйымдастырушы тасымалдаушы айқындалғанға дейін маршрутқа қызмет көрсетуден бұрын осы маршрутқа қызмет көрсеткен тасымалдаушыға оның келісімімен береді.»;
280-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«280. Жиналу орнына келген бойдан жүргiзушi тапсырыс берушiнiң осы Қағидалардың 244 және 245-тармақтарында көрсетiлген тасымалдау шарттарын нақты қамтамасыз етуiн тексередi. Егер автобус бойынша ерiп жүрушiлер жоқ болса немесе ерiп жүрушiлер мен балалардың нақты саны автобустағы отырғызу орны санынан асып кетсе, балаларды тасымалдау жүзеге асырылмайды.»;
351-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«351. Автовокзалдар мен автостанцияларда:
1) мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындарды бөлу;
2) ғимараттарды, ғимаратқа кірер жолдарды, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарын мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қозғалуы үшін ыңғайластыру;
3) есту мен көру қабілеті бойынша мүгедектерге арналған қолжетімді ақпараттық сигнал беру құрылғыларымен және байланыс құралдарымен жабдықтау;
4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
5) күту залдарында мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, жабдықталуға тиіс мүгедектерге арналған арнайы орындар бөлу;
6) қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;
7) мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау;
8) мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін мамандандырылған таксофондар орнату;
9) өзге автокөлік құралдары қойылмайтын мүгедектердің арнайы автокөлік құралдарын қоюға арналған тегін тұрақ орындарын бөлу қамтамасыз етіледі.
Егер тұрақ орындарының саны:
1) онға дейін қоса алғанда болса – мүгедектің арнайы автокөлік құралын қою үшін бір орын;
2) оннан астам болса мүгедектің арнайы автокөлік құралын қою үшін тұрақ орындарының жалпы санының кемінде он пайызы бөлінеді.
Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша тұрақ орындарының саны 0,5-тен бастап және жоғары бөлшек мәнді құраса, мұндай мән бүтін бірліктерге дейін дөңгелетуге жатады.»;
мынадай редакцияда 351-1-тармақпен толықтырылсын:
«351-1. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде осы Келісімнің
351-тармағының 2) тармақшасы талабы қамтамасыз етіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
2016 жылғы 26 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
«____» ____________ 2016 жылғы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2016 жылғы 29 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2016 жылғы 18 ақпан

Қолданыстағы