О внесении дополнений в решение Павлодарского городского маслихата от 26 мая 2015 года № 398/53 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Павлодарского городского маслихата от 26 мая 2015 года № 398/53 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 398/53 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 122/17
- Қабылданған күні
- 06.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2020 110569_489648.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PA005415
- ЭКБ идентификаторы
- 110569
- Редакция идентификаторы
- 110569_489648
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:53
0 Павлодар қалалық мәслихатының
2015 жылғы 26 мамырдағы «Павлодар
қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы» № 398/53
шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 398/53 шешіміне (2015 жылғы 8 шілдедегі № 1 «Ел Ақпарат» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4545 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 9) тармақшасының абзацын келесі мазмұңмен толықтыру: «бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар».
8 тармақтың 2) тармақшасын келесі абзацтар мазмұңдарымен толықтыру:
«7-тармақтың 9) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 5 АЕК мөлшерінде - өтініш пен қоса берілетін екінші деңгейдегі банкінің есеп шотының нөмірі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны жайлы анықтамасы негізінде;
7-тармақтың 2) тармақшасының бесінші (тек, Ауғанстан Республикасында ұрыс қимылдарына қатысушылар) және алтыншы абзацтарында (тіс протездеуге) - өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банктінің есеп шотының нөмірі, медициналық мекемеден емделгені туралы анықтама».