О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 26 мая 2015 года № 398/53 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 26 мая 2015 года № 398/53 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 398/53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 452/61
- Қабылданған күні
- 22.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2020 97887_489654.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PA004897
- ЭКБ идентификаторы
- 97887
- Редакция идентификаторы
- 97887_489654
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:53
0 Павлодар қалалық мәслихатының
2015 жылғы 26 мамырдағы «Павлодар
қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы» № 398/53
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 398/53 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4545 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдедегі № 1 «Ел Ақпарат» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
7-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары алынып тасталсын;
9-тармақтың төртінші абзацы келесі мазмұнда жазылсын: «7-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 10 АЕК мөлшерінде – өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің жеке есеп шотының нөмірі, табыстары туралы мәліметтер, тиісті медициналық мекемеден анықтама (бір айға дейін жарамды);».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік
саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.