О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 4-4/258 «Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в области карантина растений»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 4-4/258 «Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в области карантина растений»
- Атауы (қаз.)
- «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 15.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2024 192539_680071.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24F0000016
- ЭКБ идентификаторы
- 192539
- Редакция идентификаторы
- 192539_680071
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:30
0 «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
0 Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары
бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 4-4/258 бұйрығымен
бекітілген
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары
№
Карантиндік объекті түрі
Техника түрі (бүріккіш техника түрін таңдау карантиндік организмдердің даму ерекшеліктерін, залалданған алаңдарды, химиялық өңдеу жөніндегі жұмыстардың тиімді және уақтылы жүргізілуін ескере отырып жүргізіледі)
1 (бір) гектарды өңдеу бағасы
қосылған құн салығынсыз баға, теңге
қосылған құн салығымен баға, теңге
1
2
3
4
5
1.
Бақша дақылдарының қауын шыбыны секілді карантиндік зиянкестері
Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер
4649,19
5207,09
2.
Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (ашық топырақта)
Арқаға ілінетін бүріккіштер
19649
22006,88
3.
Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (жабық топырақта)
Арқаға ілінетін бүріккіштер
23244
26033,28
4.
Жемісті дақылдардың бактериялық күйігі
Желдеткішті бүріккіштер
5781
6474,72
5.
Арамшөптердің карантиндік түрлері:
жатаған (қызғылт) кекіре, жусан жапырақты ойраншөп, көп жылдық ойраншөп; арам сояулар
Штангалы, желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіштер
2219,87
2486,25