Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 40 «Об утверждении натуральных норм обеспечения продовольственным пайком отдельных категорий сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан с учетом особенностей прохождения службы»

Бұйрық · № 24/қе · қабылданған 23.04.2025
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-40/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 40 «Об утверждении натуральных норм обеспечения продовольственным пайком отдельных категорий сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан с учетом особенностей прохождения службы» Күшін жойған 12.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 40 «Об утверждении натуральных норм обеспечения продовольственным пайком отдельных категорий сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан с учетом особенностей прохождения службы»

Күшін жойған Бұйрық № 24/қе 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 40 «Об утверждении натуральных норм обеспечения продовольственным пайком отдельных категорий сотрудников органов национальной безопасности Республики Казахстан с учетом особенностей прохождения службы»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
24/қе
Қабылданған күні
23.04.2025
Қолданысқа енгізілген күні
23.04.2025
Көрсетілген редакция
12.03.2026 209524_811564.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25KN000024
ЭКБ идентификаторы
209524
Редакция идентификаторы
209524_811564
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:55
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11442 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________________________
20__ жылғы «___» _________