О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 июня 2015 года № 435 «Об утверждении форм документов, касающихся организации и проведения государственного экологического контроля»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 июня 2015 года № 435 «Об утверждении форм документов, касающихся организации и проведения государственного экологического контроля»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 522
- Қабылданған күні
- 08.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2021 109361_528696.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014695
- ЭКБ идентификаторы
- 109361
- Редакция идентификаторы
- 109361_528696
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:00
0 «Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастару мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11863 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қадағалау жөнінде тексеріс нәтижелері туралы актінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарында, және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «____»__________
9 Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөніндегі тексерістің нәтижелері туралы акті
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 522 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 435 бұйрығына
4 қосымша
Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасын сақтау жөніндегі
тексерістің нәтижелері туралы акті
20__ жылғы «___» ________ _______________________
«____» сағат «_____» минут жасалған орны
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
бақылау органының атауы
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы
20__ жылғы «___» ________ тексеру тағайындау туралы № ____ актінің
негізінде, ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________ қатысуымен
тексеру жүргiзу кезiнде болған жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
тексеру жүргізілген орын
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
тексеру жүргіздім.
Экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру барысында мынадай бұзушылықтар анықталды:
№
Бұзушылықтың сипаттамасы
Табиғатты қорғау заңнамасының нормалары
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 152-бабы 4 тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, қарсылықтар болмаған кезде тексерiлетін субъект тексерудi жүргiзген мемлекеттiк органның басшысымен келiсiлетін мерзiмдердi көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға құқылы.
_______________________________________________________________________________
тексеру парағының атауы және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтары
____________________ тексерудi жүргiзген лауазымды
адамның (адамдардың) қолы
Тексеру нәтижелері туралы актімен таныстым, акт бойынша
ескертулер мен қарсылықтар ____________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан
адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер,
олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы
Қосымшаларының көшірмелерімен бірге актінің бір данасын алдым ______________
(қолы)
_______________________________________________________________________________
тексерілетін субъекті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе)