Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 44 «Об утверждении нормативов хранения материальных ценностей государственного материального резерва»

Бұйрық · № 50 · қабылданған 01.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-44/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 44 «Об утверждении нормативов хранения материальных ценностей государственного материального резерва» Қолданыста Бұйрық ·№ 50 ·01.07.2020
01.07.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 44 «Об утверждении нормативов хранения материальных ценностей государственного материального резерва»

Қолданыста Бұйрық ·№ 50 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 44 «Об утверждении нормативов хранения материальных ценностей государственного материального резерва»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
50
Қабылданған күні
01.07.2020
Көрсетілген редакция
01.07.2020 145026_474512.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021002
ЭКБ идентификаторы
145026
Редакция идентификаторы
145026_474512
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:44

0 «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық

құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10323 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері»;
1-тарауда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының
11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптарды көздейді.»;
2-тарау мынадай мазмұндағы 15-параграфпен толықтырылсын:
«15-параграф. Тауық еті (МЕМСТ 31962-2013)
150-4. Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын дайындаушы белгілейді.
150-5. Өнімнің қалың қабатындағы температураны ұстап тұруды қамтамасыз ететін тоңазыту камерасындағы ауаның мынадай температурасы кезінде өндірілген күннен бастап мұздатылған тауық етінің ұсынылатын жарамдылық мерзімдері:
минус 12°С жоғары емес - тұтыну ыдысындағы ұшалар - 8 айдан аспайды,
топтық қаптамада - 4 айдан аспайды; ұшалар бөліктері - 1 айдан аспайды;
минус 18°С жоғары емес - тұтыну ыдысындағы ұшалар - 12 айдан аспайды, топтық қаптамада - 8 айдан аспайды; ұшалар бөліктері - 3 айдан аспайды;
минус 25°С жоғары емес - тұтыну ыдысындағы ұшалар 14 айдан аспайды,
топтық қаптамада - 11 айдан аспайды.»;
4-тарауда:
1 және 2-параграфтар алып тасталсын;
6-тарауда:
1-параграф алып тасталсын;
7-тарау мынадай мазмұндағы 11-параграфпен толықтырылсын:
«11-параграф. SAE10w40API SF/SH, SAE10w40API СF/СH мотор майлары (МЕМСТ 1510-84)
346-1. Ыдыстағы мұнай өнімдерін стеллаждарда, табандықтарда немесе штабельдерде жабық қойма үй-жайларында, шатырдың астында немесе тікелей күн сәулесі мен атмосфералық жауын-шашынның әсерінен қорғалған, жоспарланған алаңда сақтау керек. Мұнай өнімдері бар ыдысты тығындарын жоғары қаратып қояды.
Орамды картон барабандардағы жұмсақ майлағыштарды табандықтарда қақпақтарын жоғары қаратып, биіктігі бойынша үш қатардан аспайтын етіп жабық қойма үй-жайларында сақтау керек.»;
8-тарауда:
1 және 2-параграфтар алып тасталсын;
9-тарауда:
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Балқытылған сым, 10 миллиметрлік сым (МЕМСТ 2246)
12-параграф алып тасталсын;
10-тарауда:
2-параграфтың 496-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрпелерді төсем бөренеде және стеллаждарда еденнен кемінде 20 см қашықтықта орналастыру қажет.»;
14-тарау мынадай мазмұндағы 16, 17 және 18-параграфтармен толықтырылсын:
«16-параграф. Түбі жазық металл қайық, 8 орындық үрлемелі қайық
832-1. Түбі жазық металл қайықты және 8 орындық үрлемелі қайықты сақтау дайындаушының (өндірушінің) сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
17-параграф. 2 тонналық тіркеме цистерна (МЕМСТ 9218-86)
832-2. Әрбір цистернаның көрінетін жерінде МЕМСТ 12971 бойынша келесі ақпаратты қамтитын фирмалық тақтайша бекітілуі тиіс:
дайындаушы кәсіпорынның атауы немесе тауар белгісі;
цистернаның белгісі;
дайындаушы кәсіпорынның нөмірлеу жүйесі бойынша цистернаның реттік нөмірі;
шығарылған күні;
осы стандарттың және техникалық шарттардың белгісі;
Көлік өлшемдеріне арналған мемлекеттік тізілім белгісінің бейнесі.
832-3. Көліктік шаралар, жалпы бұйымға арналған фирмалық тақтайшадан басқа, әрбір цистернада (секцияда) мыналарды қамтитын тақтайшалар болуға тиіс:
толық сыйымдылығы, м³;
мемлекеттік салыстырып тексеру таңбасы.
Толық сыйымдылықтың мәнін және мемлекеттік салыстырып тексеру таңбасын цистерна аузының ішкі бетіне жазуға рұқсат етіледі.
832-4. Тексеру кезінде анықталған сыйымдылық мәнін жазуға арналған тақтайшалар түсті металдан жасалуы және цистерналардың аузында оң жағынан қатты бекітілуі тиіс. Тақтайшалар биіктігі кемінде 12 мм сандар жазуға жеткілікті мөлшерде болуы және таңбаны бүлдірмей, кестелерді ауыстыру мүмкіндігін болдырмайтын Мемлекеттік салыстырып тексеру таңбасын жазу үшін бейімделген болуы тиіс.
832-5. Цистерналар мен қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды консервациялау IV топтың бұйымдарына арналған МЕМСТ 9.014 бойынша жүргізіледі. Консервациялаудың қолданылу мерзімі - 12 ай, ал экспортқа арналған цистерналар үшін - 36 ай.
Сақтау және тасымалдау шарттарының санаты - МЕМСТ 15150 бойынша.
832-6. Дайындаушы сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарын сақтаған кезде цистерналардың осы стандарттың талаптарына сәйкестігіне кепілдік береді.
Кепілдік пайдалану мерзімі - цистерна пайдалануға берілген күннен бастап 18 ай.
18-параграф. Дезинфекциялық себезгі автомобилі
832-7. Дезинфекциялық себезгі автомобилін сақтау дайындаушының (өндірушінің) сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
15-тарау мынадай мазмұндағы 24-1-параграфпен толықтырылсын:
«24-1-параграф. Лай помпасы.
961-1. Лай помпасын сақтау дайындаушының (өндірушінің) сақтау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы