О внесении изменений в решение Уйгурского районного маслихата от 26 мая 2015 года № 47-2 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Уйгурского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Уйгурского районного маслихата от 26 мая 2015 года № 47-2 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Уйгурского района»
- Атауы (қаз.)
- Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 47-2 «Ұйғыр ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7-15-71
- Қабылданған күні
- 17.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2021 160798_546387.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21DS025441
- ЭКБ идентификаторы
- 160798
- Редакция идентификаторы
- 160798_546387
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:49
0
Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 47-2 «Ұйғыр ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы № 47-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3226 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұйғыр ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы».
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.».