Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 969 «Об утверждении Правил установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудников на конкретном участке работы) в органах внутренних дел Республики Казахстан»

Бұйрық · № 999 · қабылданған 21.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2015-no-969/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 969 «Об утверждении Правил установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудников на конкретном участке работы) в органах внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 999 ·21.11.2019
21.11.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 969 «Об утверждении Правил установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудников на конкретном участке работы) в органах внутренних дел Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 999 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 ноября 2015 года № 969 «Об утверждении Правил установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудников на конкретном участке работы) в органах внутренних дел Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 969 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
999
Қабылданған күні
21.11.2019
Көрсетілген редакция
21.11.2019 136429_429668.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019654
ЭКБ идентификаторы
136429
Редакция идентификаторы
136429_429668
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:44

0

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 969 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 969 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12471 болып тіркелген, «Әділет» Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) департаменттері, дербес басқармалары, комитеттері олардың құрылымдық бөліністері құрамындағы лауазымдар бойынша Жұмыс стандарттарын, сондай-ақ әрбір басқару деңгейі бойынша қызметтің барлық бағыттарын ескере отырып, әрбір лауазым атауы бойынша үлгілік Жұмыс стандарттарын белгілейді.
Ішкі істер министрлігінің Екінші арнайы басқармасы Казақстан Республикасы Ішкі істер министрінің көмекшісі лауазымы бойынша Жұмыс стандарттарын белгілейді.
Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаментіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Iшкi iстер министрлiгiнің Байқоңыр қаласындағы өкiлдiгi бастықтарының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Iшкi iстер министрлiгiнің Байқоңыр қаласындағы өкiлдiгiнің бастықтары орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу оларға жетекшілік ететін қызметтерге жүктеледі.
Төтенше жағдайлар және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттерінің штабтарына, сондай-ақ Әкімшілік полиция комитетінің аналитикалық бөлінісіне комитеттер басшылығының, аумақтық органдар, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.
Өңірлік Полиция департаменттері, Төтенше жағдайлар департаменттері, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аппараттарындағы штабтарға қалалық, аудандық бөліністердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының және оның ведомстволарының салалық қызметтеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.».

2 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы